11 маусым 2014 14:47

Әлем чемпионатында кім топ жарады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

www.weekendtour.ru www.weekendtour.ru

Ертең көптен күткен футбол тойы – әлем чемпионаты басталады. Осы орайда «көріпкелдер» өз болжамдарын айтып, ойларын ортаға салатын болады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


Ертең көптен күткен футбол тойы – әлем чемпионаты басталады. Осы орайда «көріпкелдер» өз болжамдарын айтып, ойларын ортаға салатын болады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Біз де осы дүрбелеңнен шет қалмай әріптестеріміздің болжам-пікірлерін білу үшін «Әлем чемпионатында кім топ жарады?», «Әлем чемпионатында кімге жанкүйер боласыз?» деген сауалдарды тастап көрген болатынбыз.

 

Бейбіт Сарыбай - жазушы:

- Футболдың фанаты емеспін. Және Букмекерлік кантордың табалдырығын тоздыратындардың да қатарында жоқпын. Бала күнімнен қызыққан емеспін. Бірақ айналаңдағы достардың барлығы футбол көріп отырғандықтан, сен де шет қала алмайсың ғой. Солармен бірге көріп, солардың әңгімесін естіп жүріп сәл-сәл хабардар болады екенсің. Биыл мүмкіндігінше көрерміз. Мен қай елдің құрамасының чемпион болатынын жобалап та, жорамалдап та айта алмаймын. Өйткені футболдың сүйек майын шағатын маман емеспін. Әйтсе де, немістердің топ жаруына тілектеспін. Соларға тілеулеспін. «Неміс мәшинесі» бір от алса, оларды тоқтату қиын ғой. Әрі бас бапкері сол «мәшинені» біраз меңгеріп қалған жоқ па? Қалай от алдыруын біледі деп ойлаймын.

Әуесбайдың Қанаты - "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысының медиа директоры:

- Испания футбол құрама командасы соңғы 10 жылда әлемге өзінің танымалдығын көрсете білді. Қатарымен, Еуро-08, Әлем чемпионаты- 10, Еуро-12 футбол турнирін жеңген бұл командадан алдағы Бразилияда өтетін чемпионатта жанкүйерлер жеңіс күтуде.

Дегенмен, менің байқауымша соңғы жылдарда Аргентина мен Уругвай өзінің форвордтарымен, Бразилия мен Италия өзінің қорғаушыларымен бәсекеге түсетіні сөзсіз. Бұл жерде туындайтын сұрақ: «Алдағы Әлем Чемпионатында (ӘЧ) футболдан кім топ жарады?!» Менің ойымша, ӘЧ-14 жеңуіне көп факторлар әсер етуі мүмкін. Бразилия құрамасы өте талантты футболшылардан құралған. Тіпті бұл құрамадан Әлем Чемпионатына алынбаған футболшылардан тағы бір мықты, бәсекелес команда жасауға болар еді. Филипе Луис, Лукас Моура, танымал Роналдиньо өз отандары Бразилияда өткізілетін чемпионатқа қатыспайтын болды. Соңғы 3-4 аптада жарақатына байланысты супер-форвард атағына ие Фалькао, Тевес, жас, талантты Марко Ройс, әлемнің үздік футболшыларының бірі француз Франк Рибери және ресейдің үздік қорғаушысы Широков 4 жылда бір рет болатын Әлем Чемпионатына қатыса алмайтын болды. Жоғарыда аты аталған әр футболшы - өз құрама командаларының лидерлері, жеңіске апаратын ойыншылары. Өкінішке қарай, біз оларды жуырда өтетін чемпионаттың футбол алаңдарында көрмейтін боламыз.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети