12 қаңтар 2015 22:36

Әлемдегі ең ықпалды төлқұжат иелері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©200stran.ru ©200stran.ru

HuffingtonPost басылымы әлемнің 200 мемлекетінің төлқұжаттарын "ықпалдылығы" жөнінен салыстырып, өзіндік рейтинг құрастырды. Төлқұжаттардың артықшылығы олардың түрлі мемлекеттердің аумағына еркін кіруге мүмкіндік бере алуы бойынша анықталды. 


HuffingtonPost басылымы әлемнің 200 мемлекетінің төлқұжаттарын "ықпалдылығы" жөнінен салыстырып, өзіндік рейтинг құрастырды. Төлқұжаттардың артықшылығы олардың түрлі мемлекеттердің аумағына еркін кіруге мүмкіндік бере алуы бойынша анықталды. 

Мына картада құзыры күшті төлқұжаттар қанық түспен берілген. 

Сонымен, "ықпалды төлқұжаттар" рейтингі былайша түзілді:

1. Ұлыбритания, Швеция, Финляндия төлқұжаттарына 173 елдің шекарасы ашық.

2. Германия, АҚШ, Дания, Люксембург төлқұжаттары әлемнің 172 еліне ықпалды. 

3. Италия, Бельгия, Нидерланды төлқұжаттары 171 мемлекетке еркін кіруге мүмкіндік береді, 

4. Ирландия, Канада, Франция, Жапония, Норвегия, Португалия, Испания төлқұжаттары 170 елде қауқарлы.

5. Швейцария, Австрия, Жаңа Зеландия төлқұжаттары (168 ел).

6. Австралия, Сингапур, Грекия төлқұжаттары үшін 167 мемлекеттің есігі ашық.

7. Оңтүстік Корея төлқұжатын 166 ел мойындайды.

8. Исландия төлқұжаты 165 мемлекеттің аумағына визасыз кіруге мүмкіндік береді. 

9. Малайзия мен Мальта төлқұжаты 163 елге еркін баруға құзырет бере алады. 

10. Лихтенштейн төлқұжаты. Бұл ел әлемнің 159 мемлекетімен арада визасыз тәртіп орнатқан. 

"Ең ықпалсыз" төлқұжат иелері Ауғанстан, Ирак, Пәкістан, Сомали, Эритрея, Непал, Косово, Палестина, Шри-Ланка, Судан тұрғындары болып шықты. Судан төлқұжаты 38 елге еркін кіргізсе, Ауғанстан төлқұжатымен 28 елдің аумағына визасыз өтуге болады. 

Қазақстан да бұл тізімнің соңғы орындарына жайғасыпты. Біздің ел әлемнің 61 мемлекетімен визасыз тәртіп орнатқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети