20 қаңтар 2014 16:41

Әлеуметтік желіде Like басқаны үшін қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынған сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынған

"Менфист радиотілшісі, америкалық Таддеус Мэтьюз әлеуметтік желідегі видеожазбаның астындағы Like "ұнайды" деген түймені басқаны үшін қамауға алынды. Видеожазбаны Facebook әлеуметтік желісінде Таддеус Мэтьюздің бұрынғы қызметкері орналастырған" деп хабарлайды Tengrinews.kz Russia Today ақпараттық телеканалына сілтеме жасай отырып. Кейін анық болғанындай, Мэтьюз бұрын өзінің қызметкерімен жақын қарым-қатынаста болған көрінеді. Алайда бұрынғы қызметкер арадағы қатынасты үзіп, сот арқылы Таддеус Мэтьюз мырзамен тілдеспеуге қол жеткізген. Сондықтан, бойжеткен өзінің әлеуметтік желіде орналастырған бейнежазбасына бұрынғы досының Like "ұнайды" түймешеcін басуын "тілдесуге ұмтылды" деп жорып, полицияға шағымданған. Ал, полиция Мэтьюзді "сот қаулысын бұзды" деп айыптап, қапасқа жабады. Десе де, көп ұзамай, Таддеус Мэтьюз мың доллар кепілдеме ақы төлеп, бостандыққа шыққан. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Американың апелляциялық соты "Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаларға қатысты Like басу америкалық конституциямен қорғалған сөз бостандығын пайдалану болып табылады" деген тұжырым жасаған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети