Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Әлеуметтік желіде Астана экономикалық форумы барысында болған жанжалдың видеосы жарияланды

21 Мамыр 2015, 17:02
0
© Youtube.com
© Youtube.com

Әлеуметтік желіде Астанадағы экономикалық форум кезінде болған жанжалдың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2015 жылдың 21 мамырында өткен шара барысында азаматша Лариса Полихраниди қоғамдық тәртіпті және жоғары дәрежелі спикердің қатысуымен өтетін конференцияда ақпарат құралдары өкілдерінің қатысу ережесін бұзды. Ол Форумға "Инфо плюс Тараз" ҮЕҰ ҚБ тілшілерінің басшысы ретінде тіркелген", - деді ұйымдастырушылар.

Ұйымдастырушылар Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасын да айтып өтті. Олардың айтуынша, Лариса Полихраниди психикалық күйзеліске ұшыраған және арнайы емдеу мекемесінің бақылауында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Лариса Полихраниди Тәуелсіздік сарайынан тәртіп бұзғаны үшін қуып шығарылды. Енді ол форумның шараларына қатыса алмайды. 

"Баспасөз орталығына келушілердің барлығынан болған жағдайға байланысты кешірім сұраймыз. Ол форумға байланысты жағымсыз пікірлер таратуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Лариса Полихраниди де өз тарапынан болған жағдайға байланысты пікір айтты. Оның айтуынша, АЭФ аясында өтетін барлық сессиядағы мәлімдемелерді ашық таратуға болады деп хабарланған, дегенмен жұмыс барысында оған баспасөз қызметінің өкілдері қатыспайтынын айтқан. "Бағдарламада бұл мәселе қаралмаса да, олардан менен қолдарын тартуларын, тыныш отырып тыңдауға және түсіруге мұрша берулерін сұрадым", - деді ол.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай