28 қазан 2014 15:46

Әлеуметтік желідегі көргенсіздік ақтөбелік депутаттың көңілін қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Кудеев. Facebook-тегі суреті Андрей Кудеев. Facebook-тегі суреті

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Андрей Кудеев Facebook-тегі парақшасында өзінің әлеуметтік желілерді белсенді қолдану тәжірибесі туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Андрей Кудеев Facebook-тегі парақшасында өзінің әлеуметтік желілерді белсенді қолдану тәжірибесі туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол ең алдымен өзінің елдегі мәслихат депутаттары арасында тұңғыш болып әлеуметтік желі арқылы азаматтардан өтініш қабылдағанын және әлеуметтік желіде көтерілген мәселелерді мәслихат отырысында қозғағанын айтты. 

"Бірақ қазір депутаттардың желідегі ашық жұмысы, депутаттардың азаматтарға қолжетімді болу идеясының өзі құрдымға кететін сияқты. Бүгінде әлеуметтік желіде азаматтар алдында ашық болудың еш мәні, пайдасы немесе қажеттілігі жоқ екен", - деп жазды көңілі қалған депутат.

Ол Интернетте бәріне ашық болғанынан тапқан "пайдасын" тізбелеп шықты: ағайыншылдық; көргенсіздік; мәселе талқылаудың орнына азаматтардың әлеуметтік желіні бір-біріне кір келтіруге пайдалануы; білімі төмен адамдармен, өзін ересек етіп көрсеткен балалармен, шетелдіктермен және жай ғана тролльдермен пікір таластыруға мәжбүр болу; адамдардың диалог жүргізу қабілетінің жоқтығы; азаматтардың округ бойынша нақты шаралар жөнінде бір сөйлемнен басқа ұсынысының болмауы; азаматтар тарапынан қоғамдық қызмет жөнінде ешқандай идеяның болмауы.

"Көмектескен адамыңның өзі ағайыншылдыққа, көргенсіздікке барады", - деді Кудеев. Оның пікірінше, депутаттардың әлеуметтік желіде қолжетімді болуына әлі ерте. "Депутаттардың қолжетімді болуы деген оған дөрекілік жасауға қол жеткізу деген сөз бе?! Дегенмен келешектен үмітімді үзбеймін", - деді ол.

Кудеев шынымен де күдер үзбеген болып шықты, ол келесі бір жобаны іске асыруға дайын екенін айтты, ол жоба - Skype-тің немесе видеочаттың басқа жүйесінің көмегімен онлайн қоғамдық қабылдау ұйымдастыру.

Кудеевке Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина қолдау білдірді. "Андрей, жастар, балаларыммен құрдас адамдар маған "сен" деп сөйлеп, тіл тигізетін сөздер жазып, кемсітуге тырысып жатқанда маған да ыңғайсыз тиеді. Мен бұлай боларын ойладым, бірақ тап сондай дөрекі болатынын күтпедім. Бірақ олардың бәрі - біздің өз қазақстандықтарымыз, олардың мәселелері, өмірлік қиындықтары әртүрлі, оны түрлі көңіл-күйде отырып жазады. Мен олармен әлеуметтік желіде сөйлесуге уақыт табуға тырысамын немесе егер жақын жерде болса, кездесуге шақырамын. Андрей Викторович, барлық адаммен бірге өз ойларымызбен, пікірлерімізбен бөлісіп отырған Сіз бен біз дұрыс істеп жатырмыз деп ойлаймын. Сізге қалай екенін білмеймін, бұл менің жұмысыма көмектеседі", - деді Айсина. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети