Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматы марафоны корпоративтік командаларды жарысқа шақырады

31 Наурыз 2014, 11:16
0
©Аlmaty-marathon.kz
©Аlmaty-marathon.kz

Алматы қайырымдылық марафонын ұйымдастырушылар мекеме-кәсіпорындарды экиден жарысы бойынша сынға түсуге шақырады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

"Сіздің компанияны Алматы марафонының барлық 10 мың қатысушысы көреді: өз командаңызға корпоративтік форма кигізіңіз, жарыс бағытына жалаулар мен плакаттар ұстаған жанкүйерлеріңізді қойып қойыңыз, сөре мен мәреде командалар мен компаниялардың атауы сахнадан хабарланады, қызметкерлеріңіздің қиындықтардан қорықпайтынын бүкіл қала білсін! Өздеріңіздің жарысқа қатысатындарыңызды корпоративтік сайттарыңызда хабарлаңыздар. Марафонды ұйымдастырушылар қатысушы компаниялардың тізімін марафонның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақтарына орналастыратын болады - интернетті түгел қамтыңыз! ...Халықаралық шара деңгейінде қала тарихына еніңіз!" - делінген марафонның сайтында.

Экиден сынына қатысатын командалар алты адамнан тұруы керек. Бір ұйымнан бірнеше команданың қатысуына болады. Марафон эстафетасына қатысу үшін кәсіпорындардан 150 мың теңге қайырымдылық жарнасы алынады. Бұған дейін жарнаның онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалатыны хабарланған болатын. Компаниялар ұйымдастырушылардан қаржының жұмсалуы туралы толық есеп беруді талап ете алады. 

Жарыс ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан басталып, Орталық стадионда мәреге жетеді. Барлығы 42 шақырым 195 метр болатын жарыс жолы алты кезеңге бөлінген. Сөреден жүгіріп шыққан қатысушы эстафета таспасын келесі нүктедегі әріптесіне тапсырады, солай мәреге дейін жалғасады. Жеңімпаздарға командалық кубок, мақтау қағазы, медаль мен бағалы сыйлықтар беріледі. Экидендегі эстафеталық таспаны тапсыру нүктелері марафонның сайтында көрсетілген. 

Еске сала кетейік, Алматы қайырымдылық марафоны 20 сәуірде өтеді. Mega Alma-Ata сауда – ойын-сауық орталығында марафонға қатысушыларды тіркейтін орын жұмыс істеп жатыр. Жарысқа басқа қашықтықтар бойынша жеке адамдар да қатыса алады. Биылғы марафонға 10 мыңнан астам адам қатысады деген жоспар бар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай