Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматы облысында қариялар 60 жылдық гауһар тойларын түнгі клубта атап өтті

29 Қыркүйек 2015, 09:57
1
© KTK
© KTK

Алматы облысының тұрғындары, ерлі-зайыпты қариялар гауһар толарын түнгі клубта атап өтті. Тойшыбаевтардың 60 жылдық мерейтойларына ерекше сыйды немерелері жасады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Мәлік пен Сарқыт Тойшыбаевтар 1955 жылы үйленген. Қазір әйелі 75 жасқа, күйеуі 81 жасқа келді. Олар үйленген кезде тойдың болмағанын айтады. Онымен қоса, екі жас бірін-бірі танымаған. Оларды ата-аналары көне дәстүр бойынша үйлендіріпті.

"Біздің кезімізде жағдай қиын болды. Біз үнемі жұмыс істедік, балаларды тәрбиеледік. Әйелім сиыр сауды. Көп қиындық көрсек те бірге болдық", - деді Мәлік Тойшыбаев.

"Жұмыстан шаршап, ашуланып келеді. Ол ер адам ғой! Мен оны тыныштандырып, тамағын беремін. Сөзге келген кезіміз болды, бірақ балалардың көзінше емес. Барлық уақытта бірге болдық", - деді оның әйелі.

Мерейтой кезінде екі қарттың қасында 8 баласы, 30 немересі мен 15 шөбересі болды. Олар би билеп, көңіл көтерді.

Дереккөз: КТК


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай