24 мамыр 2017 17:08

Алматы облысында қыз сапасыз төселген асфальтқа жабысып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан үзінді Видеодан үзінді

Жолдың сапасыз жөнделуі салдарынан қыз асфальтқа жабысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында қыздың асфальтқа жабысып қалғаны түсірілген видео пайда болды.

Алакөл аудандық әкімдіктің мәліметінше, видео Үшарал қаласы Жалбы би көшесінде түсірілген.

"2016 жылы осы көшенің шамамен 6825 шаршы метрінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмысты "Алакөл жолдары" ЖШС жүргізді. Соңғы күндері ауа райы бірден жылынып салдарынан мердігердің сапасыз жұмыс жасағаны анықталды. Ауа температурасының  жоғарылауына байланысты асфальт балқып, тұрғындар мен жүргізушілерге қолайсыз жағдай тудырды. Келісімшартқа сәйкес, жол кепілде тұр, мердігер қазіргі уақытта  жолды өз есебінен қайта жөндеуге кірісті", - деді Алакөл аудандық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жұлқайнаров.

Шенеуніктердің айутынша, жөндеу жұмыстары жүргізілген соң жол төсемінің сапасы қайта тексеріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети