Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда әлемдегі ең үлкен лағман жасалды

01 Мамыр 2015, 18:30
3
Әлемдегі ең үлкен лағманның салмағы - 687 келі. © Әлішер Ахметов

Әлемдегі ең үлкен лағманды 30 аспаз әзірледі. © Әлішер Ахметов

Алматыдағы Ұйғыр театрының алдындағы алаңға мыңнан аса адам жиналды. © Әлішер Ахметов

Жиналғандарға арнап концерт ұйымдастырылды. © Әлішер Ахметов

Рекордтар кітабының сарапшысы мен шараны ұйымдастырушылар. © Әлішер Ахметов

Адамдар лағманды күтіп тұр. © Әлішер Ахметов
Адамдар лағманды күтіп тұр. © Әлішер Ахметов
Адамдар лағманды күтіп тұр. © Әлішер Ахметов
Адамдар лағманды күтіп тұр. © Әлішер Ахметов
Алматыдағы Ұйғыр театрының алдындағы алаңға мыңнан аса адам жиналды. © Әлішер Ахметов
Алматыдағы Ұйғыр театрының алдындағы алаңға мыңнан аса адам жиналды. © Әлішер Ахметов
Әлемдегі ең үлкен лағманның салмағы - 687 келі. © Әлішер Ахметов
Әлемдегі ең үлкен лағманның салмағы - 687 келі. © Әлішер Ахметов
Лағман дайын болғаннан кейін алаңға жиналған халыққа таратылды. © Әлішер Ахметов

Алматыда әлемдегі ең үлкен лағман жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның салмағы - 687 келі. Дайындауға 30-ға жуық аспаз қатысты. Рекордты Гиннестің рекордтар кітабының өкілі әлемдегі ең үлкен лағман ретінде Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақ географиялық ұйымының 5 жылдығына орай тіркеді.

Алып тағам Алматыдағы Ұйғыр театрының алдында дайындалды. "Әлемдік рекорд қазір 687 келі. Бұған дейін әлемдегі ең үлкен лағман рекорды болмаған, себебі бізде ең төменгі талап 500 келі болған. Басты талап - лағман дәстүрлі дайындалу жолы арқылы жасалуы керек және бір-бірден үлестірілуі керек", - деп хабарлады Рекордтар кітабының өкілі Бенжамин Бекхаус. Сонымен қатар, ол әлемдегі ең үлкен лағман туралы әлемдік рекордты ұйым веб сайтына 5 мамырда енгізетіні туралы хабардар етті. Ал кітапқа 2016 жылы енгізілуі мүмкін.

Лағман дайын болғаннан кейін алаңға жиналған халыққа таратылды. Алдымен тағамды ең үлкендерге содан кейін жастар мен ересек адамдарға берілді. Барлығы 1500 үлес тағам таратылды. Акция ұйымдастырушыларының айтулары бойынша, басты мақсат - Гинестің рекордтар кітабына ену арқылы Қазақстанда өмір сүретін халықтардың салт-дәстүрін ел тұрғындары мен қонақтарына таныстыру.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда әлемдегі ең үлкен лағманның әзірленгелі жатқаны хабарланған болатын. Ол кезде "Акцияның жалпы мақсаты - Қазақ елін дүние жүзіне дәріптеу сондай-ақ, ҚР азаматтары мен ел қонақтарын мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді жіті таныстыру болып табылады. Ал ең бастысы осы іс-шарада Гиннес кітабында тағы бір рекорд тіркеледі", - деген еді ұйымдастырушылар.

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай