04 ақпан 2015 13:01

Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыларды таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Әрен ©Роза Әрен

Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыларды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыларды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

YouTube желісіндегі видеоның сипаттамасында жүргізушінің аялдама аттарын қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерінде сауатты хабарлайтыны айтылған. "Көшелерге аты берілген тұлғалардың өмір тарихын жолаушыларға екі тілде баяндайды (...). Таныс болыңыз, Алматы қаласындағы №79 бағытта жүретін муниципалдық қоғамдық көліктің ерекше жүргізушісі - Марат Адамбаев", - деп жазылған.

Сонымен қатар, жүргізушінің бірнеше жыл бұрын Алматы қалалық әкімдігінің ұйғарымымен "Ең мәдениетті қоғамдық көлік жүргізушісі" атанғаны белгілі болды. Автобус жүргізушісі қаладағы аялдамаларды көп тілде хабарлап қана қоймай, сонымен қатар, жолаушыларға тілек айтып, көңілдерін де көтереді. 

Видео авторы журналист Роза Әреннің айтуынша, ел арасындағы осындай ерекше жандарды көбірек насихаттау керек. "...Құдай-ау, өңшең боқтампаз, дөрекі жүргізушілердің арасында мынадай білімді, алтын кісі қайдан жүр? Сұхбаттасу керек қой! Оның білімі мен ойлағаннан да терең болып шықты. Оқыңыздар, достарым, пікір қалдырыңыздар! Мұндай кісілерді телеарнада да жақсылап насихаттасақ, артық болмайды", - дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети