Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматыда ең маңызды өнертабыстардың мультимедиялық көрмесі ашылды

06 Қазан 2014, 18:20
0
Көрме SPACE multimedia галереясында өтеді.
Көрме SPACE multimedia галереясында өтеді.

Алматыда "Әлемді өзгерткен 101 өнертабыс" атты жаңа мультимедиялық көрме ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Австралиялық Grande Exhibitions компаниясы адамзаттың дамуына ең көп үлес қосқан өнертабыстардың бірегей көрмесін жасады. SENSORY4 жүйесінің көмегімен көрермендер қазіргі инновациялар мен тарихқа дейінгі кезеңдерді байланыстырған өркениеттің сегіз дәуірінің куәсі болады. Көрме қонақтарына өнертабыстардың пайда болуына себепші алғышарттар мен олардың біздің өмірімізге жасаған ықпалы көрсетіледі. 

Адамзат тарихы таңғаларлық әрі жүйелі жаңалықтар мен өнертабыстардан жасалды, олар адамның ой-қиялының қаншалықты терең, шексіз болғанын толық көрсете алады. Адамдар ғасырлар бойы тәжірибелер жасап, жаңалықтар арқылы келешегін қалыптастырды. "Әлемді өзгерткен 101 өнертабыс" көрмесі - тас дәуірінен Интернет заманына дейінгі өнертабыстарға арналған өзіндік саяхат. Адамның қолынан шыққан кейбір бұйымдар қажеттіліктен туса, кейбірі кездейсоқ пайда болды, бірақ олардың бәрі ғылыми-техникалық прогрестегі жаңалық болып қалды және тарихи дамуға әсер етті.

"Әлемді өзгерткен 101 өнертабыс" көрмесі Dostyk Plaza сауда - ойын-сауық орталығында орналасқан SPACE multimedia жаңа мультимедиялық галереясында ашылды. Жоба Алматы қалалық мәдениет басқармасының қолдауымен іске асырылып жатыр. Көрменің ақпараттық серіктесі - Tengri FM радиостанциясы.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай