Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыда ертегі сарайы салынып жатыр

11 Қазан 2015, 16:00
0
© Николай Колесников
© Николай Колесников

Алматыда ертегі сарайы салынып жатыр. Ольга Шин осылайша өзінің бала арманын орындағысы келген екен. Tengrinews.kz түсірілім тобы Қарғалы ықшамауданында салынып жатқан сарайда болып қайтты.

Ольга Шин үш баланың анасы. Ол адвокат болып жұмыс істейді. Өзінің отбасымен бірге ол қарапайым үйде тұрып жатыр. 1 гектар 18 шаршы метр болатын жер учаскесін ол 1998 жылы арзан бағаға сатып алыпты. "Мұнда қоқыс орны болған, - дейді Ольга алма ағаштары өсіп тұрған маңды көрсетіп. - Балаларым бар, күйеуім бар тазаладық, ағаш пен гүл отырғыздық. Бұған көп уақыт, күш, ақша кетті". 

Оң жақта - Ольганың отбасы тұратын үй. Сарай құрылысына отбасы бар ақшасын жұмсапты. 

"Біз 2009 жылы үйді өзіміз үшін соға бастадық, бірақ біршама уақыт өткеннен кейін бала арманымды орындауға шешім қабылдадық - нағыз сарай салу! Күйеуім ұсынысымды қабылдады, техникалық мәселелерімен көмектесіп жатыр. Бар ақшамызды осы жобаға жұмсадық. Бригада жалдадық, әлі талай жұмыс бар, тағы екі жыл жұмыс істейміз деп ойлаймын", - деді Ольга Шин балконын көрсете отырып.

Адвокат Ольга Шин бос уақытында дизайнмен және сәулетпен айналысатынын айтады. Бұл оның хоббиі екен. Сарайдың барлық жобасын өзі салыпты, қабаттардың, бөлмелердің санын да, сонымен қатар интерьенін де өзі жасапты. Оның айтуынша, нысанның ауданы 800 шаршы метр, сарай төрт қабатты болады. Оның үстіне алауошақ пен жертөлесі болады. Құрылыс басталғалы бері отбасы 250 мың доллар жұмсапты.  

Бұл көлікпен жұмысшыларға құрылыс материалдары жеткізіледі. Ертегі нысаны қарапайым материалдан салынып жатыр: кірпіш пен бетон. "Сарайды не үшін салып жатырмын? Жақсы сұрақ (...) Біріншіден, шын мәнінде, бұл арман. Барлық досымыз бастапқыда бізге күліп қарады. Бірақ олар сарайымызды көріп, арманды орындауға болатынын көздерімен көреді", - дейді идея авторы. - Екіншіден, мұнда балаларды дамыту орталығын ашсам деймін. Қабырғаларда мультфильм кейіпкерлерінің суреттері салынады - бірінші қабатта орыс халық ертегілерінің кейіпкерлері, екінші қабатта диснейлік кейіпкерлер, ал үшінші қабатта қазақ эпосындағы кейіпкерлер болады. Онда, әрине, Алдар көсе болады", - дейді Ольга. - Басты мақсат - балалар қайырымды болып өссе екен. Балалардың осындай жерде болуы маңызды".

Ольга Германиядағы Нойшванштайн сарайын көріп, таңғалған екен. Шын мәнінде соғылып жатқан нысан сол сарайға ұқсас екен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай