08 қыркүйек 2018 13:02

Алматыда жүкті әйел полиция бекетінде босанып қала жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының жол-патрульдік полицейлері перзентханаға жетіп үлгермеген әйелге көмектесті. Олар босандыруға дайындалып, нәрестені орауға көйлектерін де шешіп тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматының жол-патрульдік полицейлері перзентханаға жетіп үлгермеген әйелге көмектесті. Олар босандыруға дайындалып, нәрестені орауға көйлектерін де шешіп тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Первомайская көшесіндегі стационарлық полиция постында болған.

"Бізге Nissan Almera маркалы автокөлік келіп тоқтады, ішінен жүргізуші шығып, әйелінің босанғалы жатқанын хабарлады. Олар Алматы облысынан қалаға қарай беттеп келе жатқан. Жолда әйелдің толғағы басталып кетті. Оның күйеуі 103-ке хабарласа алмағандықтан біздің постымызға асығып жеткен", - деді Алматы ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция полкінің инспекторы Айдын Майлыханов.

"Мен жағдайды бағаладым: әйел босанудың алдында тұр. Байбалам салатын уақыт болмады, мен күйеуіне жақындағы жанармай құю станциясынан бес литр су әкелуді тапсырдым. Қайта біздің дәрі-дәрмек қорабымызда медициналық керек-жарақтың барлығы болды, тек стерильді таза орамалды таппадық. Менің әріптесім Мырзатаев баланы орау үшін көйлегін шешіп, дайын тұрды. Сонымен бірге, арнайы қызмет сарбазы, полиция капитаны Мерей Атымтаев та дайын тұрды. Мұндай жағдайда кез келген көмек алтынмен пара-пар", - деді Майлыханов.

Осы уақытта дәрігерлер бригадасы да келіп үлгерді. Олар әйелді №4 перзентханаға жеткізу керек деген шешім шығарды. Мекемеге жеткенге дейін жедел жәрдеммен бірге полиция қызметкерлері де барды.

Нәтижесінде 26 жастағы әйел дені сау ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл оның екінші баласы екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети