30 маусым 2015 12:16

Алматыда қалалық үш жағажай ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлішер Ахметов © Әлішер Ахметов

Алматыда ашылған қалалық жағажайларға 400 миллион теңге жұмсалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әкімдіктің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Айдын Темешев айтты. Қаражат қалалық "Пархач", "Гүлдер" және "Баум тоғайы" жағажайларын ұйымдастыруға, тұрғызуға және жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Жағажайларда суға түсу тегін.


Алматыда ашылған қалалық жағажайларға 400 миллион теңге жұмсалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әкімдіктің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Айдын Темешев айтты. Қаражат қалалық "Пархач", "Гүлдер" және "Баум тоғайы" жағажайларын ұйымдастыруға, тұрғызуға және жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Жағажайларда суға түсу тегін.

Үш жағажай да Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында орналасқан. Айта кетейік, демалыс орындары осыдан бірнеше жыл бұрын ашылуы керек болған. "Келісім бойынша Үлкен Алматы каналына Бартоғай су қоймасынан су толтырғаннан кейін шомылу кезеңін бастау керек болғанбыз. Санэпидемиялық қызмет келісім бергеннен кейін шомылуға рұқсат береміз. Осында келіп суға түсіп, демалуға болады", - деді Темешев. Айта кетейік, "Пархач" Рысқұлов даңғылы мен Волочевская көшесінің қиылысында орналасқан. "Баум тоғайы" - Үлкен Алматы каналының Сүйінбай және Сейфуллин көшелерімен қиылысы аралығында, "Гүлдер" Үлкен Алматы каналының Жансүгіров және Омаров көшелерімен қиылысының аралығында орналасқан.

Келісім алдағы он күнде беріліп қалуы мүмкін. Оның айтуынша, жағажайдың тереңдігі 1-2 метр. Олардың әрқайсысында құтқарушылар, медициналық бекеттер мен күзетшілер жұмыс істейді. Сонымен қатар, бейнебақылау камерасы орнатылады деп күтіліп отыр.

Ол 400 миллион теңгенің 2008 жылдан бері жұмсалғанын айтты. "Бұл жерде бұрын қоқыстар болған. Көпірлер сынық, бетон плиталар қирап жатқан. Жарық пен басқа да инфрақұрылымдар болмады", - деді ол. Оның айтуынша, 200 миллион теңге гидротехникалық құрылымдарды жөндеуге кеткен.

Еске сала кетейік, Алматыда "Сайран" көлінен жағажай салу жоспарланғаны хабарланған болатын. Сайран көліне әртүрлі сүзгі қойылып, су 3 мақсатта пайдаланылады. Яғни, адам шомылатын су таза болуы керек. Көл жағалауында 1500 көлікке арналған автотұрақ және балалар атракциондары тұрғызылады. Бұл ойын алаңдары тек жазда ғана емес, қыс кезінде де жұмыс істейді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети