20 мамыр 2015 17:26

Алматыда мың гүлден кілем өріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© massaget.kz © massaget.kz

Алматыда мың гүлден кілем өріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматылықтар мен қала қонақтары ол кілемді 23 мамырда ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында өтетін V қалалық "Алматы - гүл қала" атты гүл фестивалінде көре алады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке бағдарламасы өте тартымды. Мерекенің негізгі көрсетілімі - қолдан жасалған гүл кілем, ол мың гүлден және табиғи материалдың 30-дан астам түрінен өрілген. V фестивальді безендіру ісінде көпке кеңінен танымал көріністер - этникалық суреттермен және қазақстандық ою-өрнекпен безендірілген витраж бен мозаика жасалады.

"Фестивальға келушілер гүлдер көрмесі мен жәрмеңкесін, концертті, қала аудандары мен флористік компаниялардың байқауларын, ашық аспан астындағы кинотеатрды, жас орындаушылар конкурсын тамашалай алады. Фестиваль қонақтарын қаланың белгілі адамдары гүл мерекесімен құттықтайды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Айта кетейік, фестиваль сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети