16 шілде 2015 12:07

Алматыда тілшілер автотұрақтардың заңсыз жұмысшыларына эксперимент жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TengrinewsTV © TengrinewsTV

TengrinewsTV тілшілері Алматыда автотұрақтардың заңсыз жұмысшыларының жүргізушілердің ақша төлеуден бас тартқан кездегі реакцияларын анықтау үшін эксперимент жүргізді.


TengrinewsTV тілшілері Алматыда автотұрақтардың заңсыз жұмысшыларының жүргізушілердің ақша төлеуден бас тартқан кездегі реакцияларын анықтау үшін эксперимент жүргізді.

Түсірілім қаланың түрлі жерінде бірнеше күн бойы жүргізілді. Уақытша тұрақ базарға жақын маңнан, теміржол вокзалы мен ірі сауда орындары сияқты жерлерден таңдалды. Жүргізушілер автотұраққа көлігін қойып, бес минуттан кейін қайта оралып, кетіп қалады. Тілшілер автотұрақтың 20-дан астам қызметкерінің реакциясын бақылады.

Автотұрақ қызметкерлерінің бесеуі жүргізушілер жөнінде ұмытып кетіп, ақша алмады. Жасыл кеудешедегілердің екеуі бес минуттан артық тұрмағандықтан ақша алудан бас тартты. Тек біреуі ғана жүргізушіні ғайбаттады. Автотұрақтың басқа қызметкерлері ақша беруді талап етті. Олар лицензия немесе басқа бір құжат көрсете алмады. Базар маңындағы автотұрақ қызметкерлері ең талапқойы болып шықты, олар өз қызметтері үшін 100 теңге сұрайды. Қалған орындарда "тариф" 50 теңге.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Оразалин 2016 жылы Алматы жолдарынан заңсыз автотұрақ қызметкерлерінің кететінін айтты. "Алматыда заңсыз автотұрақ қызметкерлері өте көп. Қазір ІІД-мен бірге бұл қызметті жоюды қолға алып жатырмыз", - деді Оразалин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети