28 мамыр 2016 09:47

Алматыда ұмытшақтық ауруына шалдыққан қырғызстандық анасын 12 жылдан кейін тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қырғызстан СІМ © Қырғызстан СІМ

Қазақстандық журналистер Қырғызстан азаматының 12 жыл бұрын жоғалып кеткен анасын тауып беруге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көптен күткен кездесу "Қазақстан" арнасындағы "Айтуға оңай" бағдарламасында болды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Асан Арықбаев амнезияға шалдыққан, сондықтан да ол туыстарын тауып беруді сұрап, журналистердің көмегіне жүгініпті. Телеарна тілшілері Қазақстан мен Өзбекстаннан осы ер адаммен туыспыз деген бірнеше адамды табады. Дегенмен ДНҚ-тест оны растамайды.

Осыдан кейін телеарна тілшілері Қырғызстан азаматшасын тауып, медициналық тексерістің қорытындысын бағдарлама барысында ашты. Тест әйелдің Арықбаевтың анасы екенін көрсетті. "Арықбаевтың анасына көмек көрсеткен Бас консулдық әйелдің баласына еліне оралу үшін қолдау жасайтынын хабарлады", - делінген хабарламада.

Қырғызстан СІМ

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети