Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыдағы селдің салдарын жоюға көмектескен 12 жастағы еріктіге велосипед сыйға тартылды

13 Тамыз 2015, 12:19
1
© Facebook.com
© Facebook.com

Алматыдағы селдің салдарын жою жұмыстары кезінде ерлік көрсеткен 12 жастағы Диас Әубәкіровке қала әкімдігі алғыс хатын тапсырып, оған велосипед сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен еріктілердің тобына күнде барып тұрдым, барған сайын Диасты көретінмін. Ол таңнан кешке дейін аянбай еңбек етті. Өте ақылды бала. Диасқа сыйлық өте қатты ұнады. Оның өз велосипеді жақында ғана сынып қалған екен. Оның ата-анасына да алғыс айтқымыз келеді", - деді қалалық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев.

Боқаев селдің салдарын жоюға көмектескен басқа да алматылықтарды назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді. Ол 250 еріктіге сыйлық беру жоспарланғанын айтты.  "Алғыс хаттары баспада жатыр. Бірақ біз бұл арқылы PR жасағымыз келмейді. Сондықтан да әрқайсысын жеке шақырып марапаттаймыз. Волонтерлік біз үшін жаңа бағыт. Бұл ТЖ алматылықтардың басын біріктіріп, азаматтық міндетті орындауға түрткі болды. Біз мұны қолдаймыз", - деді Боқаев.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Айта кетейік, төтенше жағдай болған жерде еріктілер жұмыс істеді. Кейін еріктілердің бірыңғай штабы құрылды. Апаттың салдарын жою үшін күніне 200-ге жуық ерікті жұмыс істеді. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай