06 наурыз 2017 15:08

Алматылық жігіт Дариға Назарбаеваны ерекше құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматылық музыкант Жан Серікбек сенатор Дариға Назарбаеваға 8 Наурыз мерекесіне орай музыкалық композиция арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 29 жастағы жігіт әуенді жарты жыл бұрын шығарған, алайда оны мереке қарсаңында жариялауды жөн көрген. 


Алматылық музыкант Жан Серікбек сенатор Дариға Назарбаеваға 8 Наурыз мерекесіне орай музыкалық композиция арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 29 жастағы жігіт әуенді жарты жыл бұрын шығарған, алайда оны мереке қарсаңында жариялауды жөн көрген. 

Алматылықтың сөзінше, 2016 жылдың қыркүйегінде ол Өскемендегі ата-анасына барған. Ол үйде арнайы студия бар екен. Студияда отырып, ойында жүрген әуенді ойнап шығады. Жан Серікбектің сөзінше, бұл біреуге арнап тұрған алғашқы композиция. 

"Дариға Нұрсұлтанқызымен екі-үш жыл бұрын "Алматы - алғашқы махабатым" фестивалінде жүздестік. Оған музыка арнау туралы шешім келді. Неге екенін нақты айтып түсіндіре алмаймын. Оны қуантқым, мейірімділігі мен өзге қасиеттерін атап өткім келді. Музыка жарты жыл бұрын жазылған еді. Бірақ кейін оны түзеп, жақсарттым", - дейді ол. 

 Жан Серікбек музыкамен 25 жыл айналысып жүргенін айтады. Төрт жасынан бастап ата-анасы оны музыкаға баулыған. 1997 жылы әкесі синтезатор алып бергеннен кейін ән өңдеумен айналыса бастаған.

 

29 жастағы алматылық еліміздің көптеген эстарада әншілерімен бірге жұмыс істеген. Олардың ішінде Сейфулин Жолбарыс, Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Бейбіт Корған, "Мистерионс", "Сункар" топтары және тағы басқалар бар. Сонымен қатар, Жан Серікбек ресейлік "Серебро" тобына ремикс жасаған, қырғыздың әншісі Іляс Әбдіразақовтың әндерін көркемдеген. Ол "Қазақфильм" картиналарына музыка жазған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети