23 қазан 2015 16:08

Алматылықтар мейрамхана мен кафелерге сирек баратын болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Алматылықтар мейрамхана мен кафелерге сирек баратын болған. Бұл мәліметтерді Ranking.kz келтіріп отыр. 


Алматылықтар мейрамхана мен кафелерге сирек баратын болған. Бұл мәліметтерді Ranking.kz келтіріп отыр. 

Қыркүйек айында Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарының табысы 14 пайызға қысқарған. Қаладағы мейрамханалар мен кафелер 5,3 миллиард теңге табыс тапқан, ал тамызда олардың табысы 6,2 миллиард теңгеге жетіпті. Алматыда тамақтану орындарындағы орташа чек құны - 3200 теңге. 

Қазақстан бойынша азық түлік пен сусындарды жеткізуарқылы кәсіпкерлер 27,1 миллиард табыс әкелген. Бұл тамыздағы табысқа қарағанда 1,2 пайызға көп. Табыстың көбеюі елдің 12 өңірінің кәсіпкерлерінде тіркелген.   

Салыстырмалы түрде ең көп табыс тапқан Астананың тамақтандыру орындары екен - 690,6 миллион теңге, 3,4 миллиардқа дейін. Осы көрсеткіш бойынша Атырау облысы көш бастап келеді, олардың табысы 335,4 миллион теңгеге артқан, 3 миллиард теңгеге дейін. Осы қалада қала тұрғынының орташа чегінің құны артқан. Тамыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 1204 теңгеге көбейген, осылайша, Атыраудағы орташа чектің құны 10900 теңге. Бұл еліміздегі ең жоғарғы көрсеткіш. Айта кетейік, Қазақстанның астанасында кафе мен мейрамханаларда орташа чек қыркүйек айында 3900 теңгеге тең болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети