Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматылықтың студенттік билеті Еуропаға "өздігінен" сапар шекті

01 Шілде 2015, 18:41
0

Алматылық Анна Клименконың студенттік билеті иесі болмаса да Еуропаға сапар шегіп қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыз оны автобуста жоғалтып алған, ал құжатты тауып алған блогер Puffic оны өзімен бірге туристік сапарға алып кетуді ұйғарыпты. Ол жол бойы студенттік билетпен суретке түсті.

Осылайша құжат Миланның әуежайы Малпензада, Изео көлінде, Брешиа қаласында, Верона амфитеатрында болып, Монтелупо-Фьорентино көшелерін "аралап", пизан мұнарасымен суретке түсті, сонымен қатар, Римде қыдырып, Витториано монументі мен Колизей сынды көрнекі жерлерде болып, Ватиканды "көрді". Студенттік билет Парижге де барған, блогер ол жақта құжатты Лувраның фонында суретке түсірді.

Қазақ-неміс университетінің студенті Анна Клименко Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында студенттік билетін маусымның басында жоғалтқанын айтты. "Мен бір-екі күн іздедім, содан кейін университетте жаңасын жасаттым. Бұл пост туралы бүгін білдім. Күлдім, әрине. Бір жағынан менің жеке мәліметтерімнің Интернетте жарияланғаны аса қатты ұнамады. Дегенмен, мұнда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын", - деді ол.

Қыздың айтуынша, оның студенттік билеті туралы пост пайда болғаннан кейін көптеген адам дос болуға қосылыпты. Оның сөзіне қарағанда, блогер оның құжатын қайтарып беруді уәде еткен, енді оның екі бірдей студенттік билеті болады. Айта кетейік, бұл жазда оның студенттік билеті ғана жақсы демалмайтын болды. Қыз Оңтүстік Кореяға сапар шекпекші. Бұған дейін ол Грекияға, Түркияға, Вьетнам мен БАӘ-ге қарып қайтыпты. "Жоғалған студенттік билетімді әлі қайтармады. Бірақ бұл сапарыма жаңадан жасатқан құжатымды алып барамын", - деді ол.

Осы кезде, Интернет қолданушылары "өздігінен" сапар шеккен студенттік билет туралы біліп, қиялдап, сол құжатқа қатысты фотожабалар жасай бастады.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай