Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Анасы қызын арықтату үшін оған таспа құрттарды жегізген

26 Тамыз 2014, 09:19
0
©REUTERS
©REUTERS

АҚШ-тың Флорида штатында анасы жасөспірім қызын таспа құртпен қоректендірген, ондағы мақсаты - сұлулық байқауында жеңіп шығуы үшін қызын арықтату, - деп хабарлайды Gawker.

Қызы іштен қатты түйіліп, ауруханаға түскеннен кейін анасы өз әрекетін мойындады. Әуеліде дәрігерлер пациенттің аяғы ауыр деп ойлаған, бірақ тексеру барысында болжам дәлелденбеді. Ал қыз құсқан кезде медбике унитаздан таспа құрттар легін көрген. 

Анасы қызын Мексикадан сатып алған құрттардың дернәсілдерімен қоректендіргенін айтты. "Өз әрекетім үшін өкінемін. Тек қана қызымның сұңғақ бойлы болғанын және байқаудан жүлделі орын алғанын қалап едім", - деді ол.

Қыздың асқазанында құрттар көбейе түскен, кейбірі айтарлықтай ұзарған. Дәрігерлер қыздың ағзасын олардан тазарту үшін әбден тер төкті.

Таспа құрттардың көмегімен арықтау әдісі ерте замандардан белгілі. Дәрігерлер мұндай тәжірибенің өте қауіпті екенін ескертеді. 

Таспа құрттар адамның ішектеріне жабысып алып, қоректік заттарды бойына сіңіріп отырады. Олардың кейбірі 10 метрге дейін ұзарып, 20 жылға дейін өмір сүруі мүмкін.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай