Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Анкарада Қазақстанның туы теріс ілінген

29 Сәуір 2014, 19:27
0
ҚР Мемлекеттік туы. ©Vesti.kz
ҚР Мемлекеттік туы. ©Vesti.kz

Түркия астанасында Қазақстанның мемлекеттік туы теріс аударылған күйінде ілінді, - деп хабарлайды Lada.kz. Басылымның редакциясына оқырмандардың бірі тудың теріс ілінгені түсірілген бейнежазбаны жолдаған. Ол видеоның 29 сәуір күні түсірілгенін айтты. Бейнежазбадан отельдердің бірінің жанына ілінген өзге де туларды көруге болады, бірақ Қазақстанның туынан басқа рәміздер дұрыс ілініпті. 

Оқырман бұл жайтқа наразылық білдіріп отыр. "Бұған сіздердің қалай қарайтындарыңызды білмеймін, бірақ бұл менің намысыма тиді. Мұндай мазақ кешірілмейді", - дейді ол. Бұған дейін Ақтөбедегі Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ғимаратына Мемлекеттік туымыздың төңкерілген күйде ілінгені хабарланған еді. Мекеме әкімшілігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымға бірден үн қатып, мемлекеттік рәміздің суретке "қате түсірілгенін" айтты.

Сондай-ақ, 2013 жылдың мамыр айында Алматыдағы перинаталдық орталықтың ғимаратында Қазақстан туы жыртылған күйде ілініп тұрды. Кейін тудың күшті желдің салдарынан жыртылғаны хабарланды. Оған дейін Шымкенттегі негізгі алаңда да жыртық ту ілінген болатын. Айта кетейік, мемлекеттік рәміздерді өндіру мен қолдануда заңбұзушылықтарға жол беру үшін 1000-нан 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылады. Ал жеке тұлғалар үшін 90 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай