Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.40
EUR / KZT - 347.06
CNY / KZT - 45.30
RUB / KZT - 5.50

Араққа сылқия тойған қақпашы YouTube жұлдызына айналды

30 Қаңтар 2014, 10:06
0
Сурет YouTube сайтынан алынған
Сурет YouTube сайтынан алынған
"Чехиялық әуесқой хоккей лигасындағы HC Klasterce командасында ойнайтын қақпашы Роман Каспар Карловы- Вары спортшыларымен арада өткен кездесуден соң YouTube жұлдызына айналды" деп жазады Tengrinews.kz Mirror ақпарат құралына сілтеме жасап.

Қақпашының араққа сылқия тойғаны сонша, YouTube сайтындағы бейнероликтен оның аяқта зорға тұрғаны байқалады. Қақпашының мұндай күйін ұққан жанкүйерлер күлкісінде шек болмапты. YouTube сайтындағы мас қақпашы қатысқан бейнероликті миллионнан астам адам тамашалаған.

Кейіннен, қақпашы ойын басталғанға дейін сегіз рюмка ром, үш саптыаяқ сыра ішкенін мойындапты. Өзінің айтуынша, ештеңе есінде жоқ, тек ойын тұманда өткен сияқты көрінген. Оның есінде қалғаны, ойынның басталуы мен аяқталған сәттегі топ болып суретке түскені. "Дегенмен HC Klasterce қақпасын аброймен қорғап қалдым, соның нәтижесінде қарсыластарды жеңдік", - дейді Каспар. Ойын 8:5 есебімен аяқталған.

Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың желтоқсан айында YouTube сайтында көрсетілген бейнероликтен соң прагалық полицей Чехиядағы ең танымал тәртіп сақшысы болған еді. Ол кезекшілік атқарып жүрген уақытында қала ортасында орналасқан күйсандықпен оңтүстік кореялық Yiruma-ның River Flows in You композициясын орындаған болатын.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай