26 наурыз 2018 11:00

"Арманыңа мүмкіндік бер". "Loto 6/49" лотереясының бірінші тікелей эфирі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Loto 6/49. Loto 6/49.

Қазақстанда "Loto 6/49" лотереясының бірінші тікелей эфирі өтті. Оны ұйымдастырған - "Сәтті Жұлдыз" лотереялар операторы компаниясы. Ойында 11 220 қатысушы болды, супер приз - 20 269 392 теңге.


Қазақстанда "Loto 6/49" лотереясының бірінші тікелей эфирі өтті. Оны ұйымдастырған - "Сәтті Жұлдыз" лотереялар операторы компаниясы. Ойында 11 220 қатысушы болды, супер приз - 20 269 392 теңге.

"Арманыңа мүмкіндік бер" - біздің лотоның ұраны осындай. Бүгін оның бірінші тиражы өтті. Біз бұл лотереяны үлкен лото деп атағанды жақсы көреміз. Біздің компания ұйымдастыратын лотерея түрлерінің барлығы еуропалық және батыстық стандарттарға сай келеді. Біздің  серіктесіміз, халықаралық Scientific Games International компаниясының арқасында біз адалдыққа, әділдікке және ашықтыққа кепілдік бере аламыз. Біздің лото Қазақстанның ең қатаң стандарттары мен заңдылықтарына сәйкес келеді", - деді "Сәтті Жұлдыз" компаниясының президенті Александр Тен.

Ойынға қатысу үшін лотерея билеттерін сататын жерге барып, "Loto 6/49" тегін купонын алу керек, бірақ ол лотерея билеті емес. Купонға мөлшерлемелерді толтыру қажет, оның әрқайсысы 200 теңге және оны лотерей агентіне беру керек. Агент оны жүйеге тіркеп, түбіртек түріндегі лотерей билетін басып шығарып береді, оны тираж өткенше сақтау қажет.


Бақытжан Әлпейісов, Анар Ырзаева, Александр Тен. © Paparazzi club

"Лотерея бұл адамдарға қуаныш пен үміт сыйлайтын керемет қоспалық өнім", - дейді Александр Тен. - "Сонымен қатар, айта кету керек, оның әлеуметтік салмақты бағыты бар. Тап соның есебінен көптеген инфрақұрылымдық нысандар салынады, олимпиада ойындары өткізіледі, спорт және тағы да басқалардың дамуы қаржыландырылады - осының барлығы лотереяны әлемде өте қатты ерекшелейді. Қазақстандағы біздің жұмысымызға келер болсақ, біз біздің лото әр үйге бақытты және қуанышты өзгерістерді алып келсе деп шын ниеттен тілейміз және әрдайым себепкер болып отырамыз", - деді "Сәтті Жұлдыз" президенті.

Оның айтуынша, компанияның алға қойған жоспарлары өте көп.


© Paparazzi club


© Paparazzi club

"Бізде және біздің серіктестерімізде лотереялық ойындардан тәжірибе мол, сондықтан біз оларды үнемі жақсартып отырамыз, кейбірін жаңартып, модернизациялап және қызықты бола түсу үшін барлығын жасауға тырысамыз. Құпиямды айтайын: жақында Қазақстанда жаңа мезеттік лотереяны іске қосу жоспарланып отыр", - деді Александр Тен.


© Paparazzi club

"Loto 6/49" тікелей эфирін әр сәрсенбі сайын сағат 17.45-те "31 арнадан" көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети