Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Әріптестері Баян Есентаеваға қолдау білдірді

11 Маусым 2016, 17:15
0
Ерлан Көкеев пен Жәмила Серкебаева
Ерлан Көкеев пен Жәмила Серкебаева

Әнші Ерлан Көкеев пен скрипкашы Жәмила Серкебаева жансақтау бөлімінде жатқан Баян Есентаеваға қолдау көрсетті. Tengrinews.kz тілшісімен әңгімесі барысында олар Баян Есентаеваның тезірек жазылып кетуін тіледі.

"Қазір маған бұл жөнінде бірдеңе деу өте ауыр. Қатты алаңдап жүрмін. Оны қарындасымдай көремін. Не істерімді де білмей отырмын. Абдырап қалдым. Мұндай күйге алғаш рет түсіп отырмын. Не айтарымды да білмеймін. Соңына дейін бұған сенген жоқпын", - дейді Ерлан Көкеев.

"Мұны шектен шыққандық деп есептеймін. Менің ойымша, бізде мұндай адамдарды жазалауға арналған нақты заңдар жетіспейді. Көп жағдайда біздің күйеулеріміз мұндай жағдайда жазаланбайтынын біледі. Депутаттар ойланып, шешім қабылдауы тиіс. Бізде әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегіп жүр. Мұндай жағдайды көп әйел бастан кешіреді, дегенмен олар жасырып қалады. Баян белгілі тұлға. Кеше болған оқиғаны естіп, қаты таңғалдым", - деді Жәмила Серкебаева.

Айта кетейік, Баян Есентаева зардап шеккен жанжал 10 маусымда Құлжа тас жолында Еңбекші ауылының маңындағы жанар-жағармай бекетіне қарама-қарсы тұста болған. ІІД мәліметінше, бұл дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде оның күйеуі тіркелген. Ол 72 сағатқа қамауға алынды. Бұл мәліметті ІІД өкілдері растап отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай