02 ақпан 2018 13:06

Артық салмақтан арылғыңыз келсе, аяққа тік тұрсаңыз жеткілікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© RealFacts.Ru © RealFacts.Ru

MedicalXpress ғылыми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Американың Майо клиникасының дәрігерлері артық салмақтан арылудың ең оңай және қолжетімді жолын тапқан. 


MedicalXpress ғылыми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Американың Майо клиникасының дәрігерлері артық салмақтан арылудың ең оңай және қолжетімді жолын тапқан. 

Зерттеу қорытындысы күніне кемінде алты сағат қозғалыста болған адам күні отырумен өтетіндерге қарағанда артық салмақтан тезірек арылады екен. 

Зерттеуге орташа жасы 33 және орташа салмағы 65 келі 1184 адам қатысқан, ғалымдар 46 зерттеудің қорытыныдыларын сараптаған. 

Аяғында тік тұрған адам бір минутта атырған адамға қарағанда 0,15 килокалория артық "жағатын" болып шықты. Бұл көрсеткішті алты сағатқа шаққанда (экстраполяцияны есепке ала отырып) адам 54 килокалория жұмсайды деп есептелді. Мамандардың пікірінше, осы тәртіпті ұстанатын адам төрт жылда 10 келі салмақтан арылады екен. 

Сонымен қоса, күні бойы отыратын адамдарда семіздік пайда болып, диабет пен жүрек-қан тамырлары ақауларын қоздыратын болып шықты. 

Айта кетейік, Техас университетінің спорт медицинасының профессоры Филиппа Стэнфорттың сөзінше, жаттығу жасаудан гөрі емдәм арқылы арықтау жеңіл болады екен. Ол үшін майлар мен көмірсуға бай, құнарлы тағамдардан бас тартсаңыз болғаны. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети