30 желтоқсан 2015 14:13

Астана әкімінің балы қалай өтті: Президенттің биі және Жақсыбековпен селфи

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Астанада әкімнің жаңажылдық қайырымдылық балы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, сонымен қатар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен әртістер қатысты. Шараға қатысқандардың көпшілігі суреттері мен видеоларын және селфилерін Instagram желісінде жариялады. 

Тележүргізуші Динара Сәтжанның аккаунтында қысқа видео пайда болды, одан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты, Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты және Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы көруге болады.

Сонымен қатар, Баян Есентаева Астана әкімі Әділбек Жақсыбековпен түсірген селфиін жариялады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен актриса Әлия Әнуарбекпен түскен суретін жариялап, жазба қалдырды: "Мұз дәуірінің келесі маусымы қай кезде екенін білесіз бе? Біз дайынбыз!"

Максим Акбаров "Қазақстан аруы-2015" байқауының финалистерімен.

Шоумен Нұрлан Қоянбаев пен Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші Динара Сәтжан және олимпиада чемпионы Серік Сәпиев.

Парламент Мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердоңғаровпен түсірілген селфи.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананың жаңажылдық кешіне қатысқаны хабарланған болатын. Жиналғандарға сөз арнаған Мемлекет басшысы алдағы жылды республикамыз өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізетінін айтты. Осыдан кейін "Қазақстан аруы-2015" Әлия Мергенбаева Қазақстан Президентін биге шақырды

Айта кетейік, қайырымдылық кешінен түскен қаражат түгелімен "Мейірімділік" Ерікті қоғамы" қорына аударылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети