15 маусым 2015 19:03

Астана тұрғыны дүкеннің пісірілген тұшпарасынан тірі құрттар тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрты бар тұшпара. Фото Tengrinews.kz редакциясына жолданды. Құрты бар тұшпара. Фото Tengrinews.kz редакциясына жолданды.

Tengrinews.kz редакциясына Астана тұрғыны хабарласып, қайнатылған тұшпараның ішінен тірі құрттар тауып алғанын айтты. Ол тұшпараны дүкеннен сатып алыпты.


Tengrinews.kz редакциясына Астана тұрғыны хабарласып, қайнатылған тұшпараның ішінен тірі құрттар тауып алғанын айтты. Ол тұшпараны дүкеннен сатып алыпты.

Ер адамның айтуынша, ол құртты тамақты ішіп боп қалған кезде бір-ақ байқаған. Тәрелкеде қалған жалғыз тұшпараны кесіп көрген кезде ол бөтен бірдеңенің жүргенін аңғарған. Астана тұрғыны тамақтан бөтен дәмді сезбегенін айтты.

"Мен айрықша ештеңе сезгем жоқ. Арнайы қоспалармен жедім", - деді ол. Ол құртты байқағаннан кейін жедел-жәрдем қызметіне қоңырау шалған. Оған асқазанды тазартып, белсендірілген көмір ішуге кеңес беріпті.

Тұшпара елордалық супермаркеттердің бірінен сатып алынған, тауардың шыққан уақыты мен сатып алынған мерзімі бір аптаға да жетпеген. Ер адам тұшпараны 10 минут шамасында қайнатқанын айтты.

Фото Tengrinews.kz оқырманынан

Астана тұрғыны Алматыда орналасқан өндіруші компанияға хабарласты. Олар директордың атына өтініш жазуды сұрап, мәселені шешуге уәде берген. Өндірушілер құртты тасымалдау кезінде ыстықтан пайда болған деп болжаған.

Осы тұшпараны шығарушы "Агро Преимум Фуд" ЖШС Астана тұрғынынан шағым кеп түскенін, фото мен видео жібергенін растады. Дегенмен компания бұл жағдайға күмәнмен қарайтынын хабарлады.

"Ол арыз жазып, қайнатылған тұшпарада құрттардың жүргені бейнеленген видео жіберді. 100 градус суда қайнаған тұшпарада тірі құрттар қалай жүреді? Менің ойымша, бұл алаяқтық. Біз басшылықпен осындай шешімге келдік", - деді кәсіпорын өкілі Дарья Раманчик.

Оның айтуынша, шағымданушыға Астанадағы өкілге баруға кеңес берген. Тұшпара сараптамаға жіберілетін болады. 

"Сіздер де кез келген қорапты алып сараптама жүргізулеріңізге болады. Біз өз өніміміздің сапасына сенімдіміз. Ешқандай тексерістен қорықпаймыз, есігіміз ашық", - деді ол.

"Логикалық түрде ойлап көріңіздер: бізде минус 60 градусқа дейін қатыру жұмыстары жүргізіледі, кейін минус 18 градуста сақталады. Ол жерде құрт болуы мүмкін емес, кейін дүкендерге жіберіледі. Егер олар тұшпараның суретін көрсетсе, ол дүкенде де дұрыс сақталған. Кейін ол 100 градус температурада қайнатылады. Тірі құрттардың жүруі күлкілі", - деді компания өкілі. Ол астаналықтың жазған арызында кінәлілерді тауып, өтемақы төлеуді талап еткенін айтты.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети