26 тамыз 2015 19:47

Астанада әйелді босандырып алған полицей сәбиге ат қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана ІІД © Астана ІІД

Астанада әйелді босандырып алған полицей сәбидің атын қойды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне полицейдің өзі - Бақыт Әлімқұлов айтып берді.


Астанада әйелді босандырып алған полицей сәбидің атын қойды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне полицейдің өзі - Бақыт Әлімқұлов айтып берді.

"Бүгін нәресте мен оның анасын көруге бардым. Ол маған балаға ат қоюды ұсынды. Мен оны Ағабек деп атауды ұсындым. Шешімді ата-анасы қабылдайды. Дегенмен нәрестенің анасы "Сіз қалай атасаңыз, солай болады" деді. Бала да әдемі, аты да әдемі", - деді Әлімқұлов.

Ол 25 тамызда кезекшілікте болғанын айтты. Полицей мұндай тосын жағдайдың болатынын білмеген. "Автомобильдің салонында босандыруға тура келді. Көліктегі дәрі салынған қораптан басқа қолда ештеңе болған жоқ. Мен әдеттегідей жұмыста болған едім. Маған жүргізуші жүгіріп келіп көлігінде әйелдің босанғалы жатқанын хабарлады. Біз дереу жедел жәрдемге хабарластық. Дегенмен ол келгенге дейін шешім қабылдауға тура келді. Әйелден су кетіп жатты. Біз оны босандырып алдық. (...) Оған қолдау керек болды. Осы кезде мен әйелмен сөйлесе басатдым. Ол көп балалы ана ғой. Бәрін өзі біледі. Мен оған былай дедім: "Сен ең әдемі, ең жақсы әйелсің". Бәрі тез өте шықты. Бала туылғаннан кейін мен теледидардан көргенімдей оның жамбасынан аздап ұрдым. Бала жылады. Сосын қайшымен кіндігін кестім. Олардың қолында жаялық болған. Босанған әйелдің құрбысы баланы алып жедел жәрдем көлігіне отырып кетті", - деді Әлімқұлов.

Оның айтуынша, баланың кіндігін қарапайым қайшымен кесуге тура келген. "Сутегі тотығымен тазалап алдым да, "Бисмиллях" деп кесіп жібердім", - деді полиция капитаны қалжыңдай отырып.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Әлімқұлов бес баланың әкесі. Ол осымен үшінші рет әйел адамды босандырып отыр. Оның айтуынша алғашқы жағдай 5-6 жыл бұрын болған. "Ол кезде де жұмыста болғанмын. Жедел жәрдем көлігінде толғақ басталып кетті. Көлік облыстан келе жатқан. Фельдшер ер адам болды, ол да абдырап қалды. Шешім қабылдау керек еді. Біз босанғалы жатқан әйелді бекетке әкеліп үгердік. Сол жерде босандырып алдық", - деді Бақыт Әлімқұлов.

Екінші жағдай бірнеше ай өткен соң болған. "Біріншісінде ұл бала болды, сосын қыз бала, міне тағы ұл бала өмірге келіп отыр", - деді полицей.

"Ұл баланы орыс әйелдің босанғаны есімді. Ол сондай жақсы болды. Бірнеше ай өткен соң ол маған келіп рахмет айтты. Қуанып қалдым. Мен олардың кім екенін де білмейтінмін. Мұның бәрі өте тез болды. Ойлануға да уақыт болған жоқ", - деді Әлімқұлов.

Капитан қалай босандыру керегін еш жерден оқымағанын да айтты. "Бізге тек алғашқы медициналық көмек көрсетуді ғана үйретеді. Адам босандыруды үйреткен емес. Өзім де көп баланың әкесімін, бес балам бар", - деді полицей.

Осыған қарамастан полицей өз әйелі босанған кезде қасында болмаған. "Мен мұның бәрінен қорқамын. Бес балам туылды, ешқайсысында қасына кіріп көрген емеспін", - деді ол.

Ол осыдан кейін қызметті ауыстыруыңыз мүмкін бе деген сұраққа былай деп жауап берді: "Мен ондай дәрежеге жете алмаймын. Ол үшін оқу керек. Мұндай сәттерде тек шешім қабылдау керек болды. Басқа таңдау болған жоқ", - деді полицей.

Еске сала кетейік, елордалық полицейдің Астана бекетінде әйел адамды босандырып алғаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети