02 ақпан 2015 11:59

Астанада бір жігіт әйнек жуатын сұйықтықты ішіп қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com/IssaPranksTV © youtube.com/IssaPranksTV

Астана қаласындағы сауда орталығында бір жігіт адамдардың көзінше әйнек жуғыш затты ішіп, өзгелерге де оның дәмін татып көруді ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласындағы сауда орталығында бір жігіт адамдардың көзінше әйнек жуғыш затты ішіп, өзгелерге де оның дәмін татып көруді ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға түсірілген видео YouTube-те жарияланды. Сауда орталығына келушілер жігіттің мұндай әрекетіне таңғалысып, бірі иіскеп көріп, бірі дәмін татып көруге әрекеттенді. Жігіт сатушыларға барып, пиццамен бірге әйнек жуғыш затты беруді өтінді. Сатушылар жігіттің қолындағы бөтелкені көріп, расында да оның химиялық тазартқыш сұйықтығын ішіп тұрғанына көздері жеткенде аң-таң болды.

Шындығында бұл әзіл болатын, жігіт әйнек жуғыш заттың құтысына химиялық сұйықтықтың түсіне ұқсас сусынды құйып алып, ішкен. Осылайша адамдардың мұндай әрекетке қандай реакция білдіретіні тексерілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети