Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Астанада жас жұбайлар үйлену тойынан бұрын сайлау учаскесіне келді

20 Наурыз 2016, 16:48
3
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада жас жұбайлар Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар үйлену тойына арналған киімдерімен №3 мектеп-гимназиясында орналасқан 106-сайлау учаскесіне келді.

"Біз саябақта таныстық, мен достарыммен серуендеп жүргенмін, ал ол құрбыларымен. Айтпақшы, біз Қала күнінен бастап кездесіп жүрдік. Сәйкестік, Қала күнінде таныстық, ал сайлау күнінде үйленіп жатырмыз. 16 желтоқсанға қарай баламыз болса, тіпті жақсы болар еді деп ойлаймыз", - деп қалжыңдасты Лаура мен Бердімұрат Жүсіповтер.

Неліктен үйлену тойының бүгін болғанын қаладыңыздар деген сұраққа олар бұл күнді сайлау болатын күн белгілененнен бұрын жоспарлағандарын айтты. "Біз той болатын күнді алдын ала жоспарладық, ал сайлау - керемет сәйкестік. Бұл сәйкестік үшін қатты қуаныштымыз. Біз еліміздің патриоттарымыз", - деді жас жұбайлар.

Олар болашақ балаларына міндетті түрде Қазақстанмен байланысты есімді қоятындарын айтты. Жас жұбайлар дауыс беріп болған соң оларға ыдыс-аяқ жиынтығы сыйға берілді.

Айта кетейік, Жүсіповтер сайлау учаскесіне келгенде қалыңдықтың жеке куәлігін ұмытып кеткені анықталды. Алайда оған дауыс беру рұқсат етіліп, ол өз азаматтық парызын орындай алды. 

Бүгін сайлау 9 840 учаскеде өтіп жатыр. Айта кетейік, сайлау кезінде 20 мың полицей құқық қорғауды қамтамасыз етеді. Бүгін, 20 наурызда Астана уақытымен таңғы 7.00-де елдің басым өңірлерінде сайлау басталды. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: "Нұр Отан", "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және "Бірлік" партиясы.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай