Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Астанада қазақ тазысының бірінші көрмесі өтті

21 Қыркүйек 2014, 20:15
0
Тазлар көрмесі.  TengrinewsTV-ның Скриншот видеосы
Тазлар көрмесі. TengrinewsTV-ның Скриншот видеосы

Астанада қазақ тазысының бірінші көрмесі өтті, деп хабаралайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Шараны "Қансонар" аңшылар мен аңшылық шаруашылық субектілері республикалық қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірігіп өткізді. Оған еліміздің 12 аймағынан асыл тұқымды 158 қазақы тазы иті қатыстырылды.

"Қансонардың" Бас директоры Александр Бербердің сөзіне қарағанда, асыл тұқымды иттердің көрмесін өткізудегі мақсат - тазылардың стандартқа сай келу, келмеуін анықтау. Қауымдастық 2015 жылы қазақ тазысы кітабын шығару алдында барлық өңірлердегі тазылар туралы мәліметтерді жинамақ.

"Көрме барысында әр иттің бойы мен салмағын өлшей отырып, бұрынғы тазылармен арада қандай да бір айырмашылықтың бар жоғын анықтау. Бізде бұл иттердің бірегей стандарты 1938-ші жылы бекітілсе, өткен ғасырдың 80-90 жылдары Кеңестер одағы ауыл шаруашылығы министрлігі мақұлдаған. Сондықтан біз қазақ тазысының жоғалып кетпеуін қадағалаймыз", - деді Бербер.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай