10 қаңтар 2019 13:24

Астанада оқушы 112 мың теңге тауып алып, иесіне қайтарып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Астана ПД баспасөз қызметінен Сурет Астана ПД баспасөз қызметінен

Астанада оқушы банк карталары мен ақша салынған әмиян тауып алып, иесеіне қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада оқушы банк карталары мен ақша салынған әмиян тауып алып, иесеіне қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№ 28 орта мектебінің 11-ші сынып оқушысы Илья Шавиков 8 қаңтарда Кенесары көшесімен өтіп бара жатып,  банк карталары мен 112 мың теңге салынған әмиян тауып алған. 

Оқушының айтуынша, өзі және ата-анасы полиция департаментінің әлеуметтік желіде табылған заттарды жариялау жұмысы туралы жарнамалардан көрген. Өзі тапқан әмиянды қайтару үшін сонда хабарласқан", - деді полиция өкілдері.  

Оқушы тәрбие мен ар-ұяты ақшаны қайтармай қалуға дәті бармағанын айтады. 

"Мен бұл ақшаны өз еңбегімен тапқан адамға қайтарғым келді. Өзімде алып қалу үшін ештеңе істемедім. Әрине өзімде алып қалу ойы азғырды, бірақ мен ондайға бара алмас едім. Басында қызды өзім әлеуметтік желілерден іздедім, мереке аяқталғанда табылған заттарды жариялау мекемесіне бардым", - дейді Илья Шавиков.

9 қаңтарда полиция өкілдері әмиян иесін тауып, бөлімшеге шақырған. Онда қыз бала Ильямен кездесіп, алғыс білдірді. 

Полицейлер де Илья Шавиковты азаматтық ұстанымы белсенділігі үшін және ата-анасына жақсы тәрбие бергені үшін алғыс білдірді. 

Астана қалалық полиция департаментінде табылған заттарды жариялау қызметі бар. Онда әр түрлі құжаттар түсіп жатады. Жоғалған құжаттарды қайтадан шығару үшін мекеме анықтаманы тегін береді. Бөлімше Бейбітшілік көшесі 19 үйде орналасқан. Телефондары: + 7 (7172) 95-15-49, 71-60-32.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети