30 қазан 2018 17:42

Астанада оқушылардың түсініксіз әрекеті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астанада мектеп оқушылары пакеттегі белгісіз затты иіскеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі astanovka98 паблигінде жарияланды. 


Астанада мектеп оқушылары пакеттегі белгісіз затты иіскеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі astanovka98 паблигінде жарияланды. 

Видео кадрларынан мектеп оқушыларының орындыққа отырып, пакеттегі белгісіз затты иіскегенін көруге болады. Видеоның астындағы жазбада ол заттың желім болуы мүмкін екені жазылған.

"Елордалық оқушылар сабақтан кейін ләззат алайын деп шешті. Үйдің ауласына кіріп (мекенжай белгісіз), балалар алаңқайындағы орындыққа отырып, пакеттердегі белгісіз затты иіскеді. Алдын ала болжам бойынша, желім. Қалай әсер еткенін видеодан көріңіз", - делінген жазбада.

Астаналық полиция департаментіндегілер бұл оқиғаны ювенал полицейлердің тексеріп жатқанын айтты. 

Полициядағылар заңсыз есірткі айналымымен немесе оның жарнамасымен айналысып, құқық бұзушылық әрекеттерге куә болғандарды мына телефон номерлеріне хабарласуға шақырды: 8(7172) 71-63-93 және 32-22-22 немесе тәулік бойы 102.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети