15 шілде 2014 09:36

Астанада виртуалды бала күтуші қызметі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет wired.com сайтынан алынған Сурет wired.com сайтынан алынған

Астанада "виртуалды бала күтуші қызметі пайда болды. Оның көмегімен, ата-аналар Әлемдік желі арқылы балаларының интернетті қалай пайдаланып отырғанын бақылай алады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс-К" басылымына сілтеме жасап.


Астанада "виртуалды бала күтуші қызметі пайда болды. Оның көмегімен, ата-аналар Әлемдік желі арқылы балаларының интернетті қалай пайдаланып отырғанын бақылай алады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс-К" басылымына сілтеме жасап.

Белгілі бір сомада ақы төлесеңіз балаңыздың Интернет-компьютерге, планшетке, телефонға кіргені туралы ақпарат ағымына қол жеткізуіңізге болады.

"Компьютер пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар бар. Ол арқылы сенімсіз сайттарға кіру мүмкіндігін шектеуге болады"- дейді "виртуалды бала күтуші" бағдарламашысы Артем Штерн. – Дегенмен компьютерді жақсы меңгерген пайдаланушы (қазіргі жастар тез меңгереді) ол бағдарламаны қайта қалпына келтіріп алуы мүмкін. Сондықтан ата-ананың баланы желі арқылы емес өзі тікелей бақылағаны абзал.

Артемның айтуынша, баланы әлемдік желі арқылы бақылау заңға қайшы емес. Бақылау баланың ата-анасымен арада келісімшарт жасалған соң жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл жерде ешқандай хакерлік бұзу қолданылмайды. "Виртуалды бала күтуші" баланың желіні пайдалануын тоқтатып тастамайды, бірақ балаға дұрыс кеңес беріп, ақылға шақырып, комментарии қалдырады.

"Жазғы демалыс кезінде бізде клиенттер өте көп. Біздің компанияда бар болғаны - үш адам ғана. Сондықтан кейде негізгі жұмысымызды қалдырып, балаларды бақылау бойынша жұмыс істеуге тура келеді", - дейді Артем. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети