Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Айықпайтын дертке шалдыққан алматылық суретші жігіт Жапонияға баруды армандайды

08 Сәуір 2016, 17:20
0
© Facebook.com
© Facebook.com

29 жастағы Ұлан Жапаров бала кезінен бері айықпайтын аурудың зардабын тартып келеді. Ұлан катагами шеберлерінің дәрісін тыңдау үшін Жапонияға баруды армандайды екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның үлкен ағасының әйелі Меруерт Түркаева айтып берді.

Меруерттің айтуынша, жапон мәдениетіне қызығатын Ұлан қазір тіл оқып жүр. "Бұрын ол сырт келбетіне бола ата-анасымен көп жанжалдасатын. Қазір Ұлан бәріне сабырмен қарайды. Мұнымен қоймай, басқаларға да көмектесе бастады", - деді Меруерт.


© Facebook

"Ұлан өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Дәрігерлер мұндай адамның 30 жасқа дейін ғана өмір сүретінін айтады. Бұл аурумен ауыратын адам бір нәрсеге ұзақ уақыт бойы назар сала алмайды екен. Дегенмен ол суретті әдемі салады, тамақ пісіре алады, гитарада ойнап үйренді, ал үш жыл бұрын кенеттен жапон тілін үйренуді бастады. Мен өзім осы тілді үйренуді бастасам да, кейін қиын болғандықтан тастап кеткен едім. Ал басқалар Ұланның жапон тілінде ана тілі сияқты сөйлейтінін айтады. Ол сол тілді сезінеді. Ұлан Жапонияға деген қызығушылығының қайдан пайда болғаны туралы сұрағандарға, өзін бір кездері сонда тұрған сияқты сезінетінін айтып жауап береді", - деді ол.


© Facebook

Меруерт туысының нені армандайтынын да айтып берді. "Оған сурет өнері қатты ұнайды. Ол иероглиф жазып, Жапония туралы фильмдер қарап, сол жаққа баруды армандай бастады. Мен оның осы елдің мәдениетіне қызығатынын білген кезде оны жапон орталығына жібердім. Ол жақта Ұлан катагами өнеріне қызығушылық танытыпты. Бұл өте қиын өнер, шыдамдылықты талап етеді. Маған Ұланда самурай сияқты табандылықтың бар екенін айтты. Ол сол жерде көп уақытын өткізеді, өзін жайлы сезінетінін айтады", - деді Меруерт.


© Facebook


© Facebook

Меруерт туысы туралы мән-жайды айтып, Жапония елшілігіне хат жолдағанын айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай