Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Баландин Лондон Олимпиадасы кезінде Риодағы жеңісін дәл болжаған

12 Тамыз 2016, 13:10
0
Дмитрий Баландин. © Reuters
Дмитрий Баландин. © Reuters

Жүзу спортынан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Лондондағы Олимпиада кезінде биылғы өз жеңісін дәл болжаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Баландин "ВКонтакте" желісінде 2012 жылдың 5 тамызында осындай сурет салған. Бұл суретте Лондон Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған Светлана Подобедованың жеңісінен кейін еліміздің туы көтерілгені бейнеленген. Айта кетейік, сол кезде қазақстандық ауыратлет жұлқа көтеруде 130 келі, ал серпе көтеруде 161 келі көтеріп, Олимпиада чемпионы болған еді.


© kaztrk.kz

Бір қызығы, Баландиннің 4 жыл бұрын салған суретінде жүлделі орын алған мемлекеттердің ретінде бір сәйкестік бар. Жүзгіштің салған суретінде үшінші орынды Белорус мемлекеті алса, өзінің биылғы жеңісінде үшінші орын Ресейге бұйырған. Биылғы Олимпиадада болса ресейлік спортшы үшінші орыннан көрінді. Екінші орын АҚШ спортшысының еншісінде. Спортшының өзі бұл суретке "Барлық жарыста осындай болуы керек" деп әзілдейді. Ал пікір қалдырушылардың бірі Арман Жаңабаев "Төрт жылдан кейін дәл осылай болады!" деп сәуегейлік сөз айтыпты.

Еске салайық, Баландин 2:07.46 уақыт нәтижесімен финалда сенсация жасап, Қазақстан тарихында жүзу спортынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанып отыр. Сонымен қатар, Баландиннің сенсациялық жеңісінің видеосы жария болды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай