04 желтоқсан 2015 15:25

Бердібек Сапарбаевтың қала ішінде қоғамдық көлікпен жүргені түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қала ішінде қоғамдық көлікпен жүргені түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.


Әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қала ішінде қоғамдық көлікпен жүргені түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Куәгерлердің айтуынша, әкім автобусқа 1 желтоқсанда мінген. Облыс басшысы Тұңғыш Президент күніне арналған шарадан кейін орталық алаңға шыршаны жағуға барыпты. Әкіммен бірге автобуста ақсақалдар мен жергілікті имам болды. Бердібек Сапарбаев алаңға автобуспен баруды өзі ұсынған. Ол автобус ішінде жол бойы отырған жоқ.

Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысына әкім болған кезде де қоғамдық көліктерді бірнеше рет тексерген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети