14 қазан 2016 09:09

Бес қап ұн көтерген жігіт Қазнет жұлдызына айналып шыға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

50 келі тартатын бес ұн қабын көтерген белгісіз ер адам Қазнет жұлдызы болып шыға келді. "Кочок деп осыны айтың" деген атаумен YouTube хостингінде бір апта бұрын жарияланған видео 340 мың рет көріліп, көптеген пікір жинаған. 

Қолданушылардың көбі оқиға Қазақстанда болған деп ойлап қалса керек. Біреулер тіпті видеодағы жігіттің Олимпиада чемпионы Илья Ильиннен де ауыр салмақ көтергенін жазған. Тағы басқа қолданушылар оған ауыр атлетикадан Олимпиадаға қатысуға ұсыныс жазып жатты. 

Алайда бұл оқиға Якутскте болған екен. Түпнұсқа видео 27 қыркүйекте Crim Yakutia арнасында жарияланып, үш мыңнан аса ғана көрілім жинаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети