14 қараша 2015 14:49

Биназир Ермағанбетова "Голос" шоуынан шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биназир Ермағанбетова Биназир Ермағанбетова

Қарағандылық Биназир Ермағанбетова "Нокауттар" кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандылық Биназир Ермағанбетова "Нокауттар" кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Drake Hold On, We're Going Home композициясын орындаған қазақстандық қыз көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлай білді. "Биназир, сіз керемет жансыз. Сіз өте үлкен, қуатты дауыс иесі емесcіз. Дегенмен мен сахнада сізден көз ала алмаймын. Сіз өте керемет билейсіз", - деді Полина Гагарина.

Өз кезегінде команда жетекшісі Баста Биназирге музыкаға деген сүйіспеншілігі үшін алғыс айтты. "Биназир, саған болғаның үшін, музыкаға деген қатынасың, тәжірибе жасап көргің келетінің үшін рахмет айтамын", - деді рэпер.

Екінші турда Биназир конкурсант Раффи Григорянмен бірге Coolio ft. L.V дуэтінің Gangsta's Paradise композициясын орындады. Айта кетейік, Биназир сахнаға жаңа образда шықты. Команданың жетекшісі Баста Биназирді шоуда қалдыруға шешім қабылдады. Мобильді қосымша арқылы дауыс берген көрермендердің 66 пайызы Бастаның шешімімен келісті.

Биназир бала кезінен ән айтады. Дегенмен оның кәсіби білімі жоқ. Ол бес жыл бойы домбыра үйрену курсына қатысқан, сонымен қатар гитарада да ойнайды. Биназир Букетов атындағы ҚарГУ түлегі. Ол жоғарғы оқу орнын заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. Медакомпанияда қызмет етеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети