26 қараша 2018 09:10

Боксшы ұлына сыйлық алып беру үшін чемпиондық белбеуін сатып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fightnews.info © fightnews.info

Шотландиялық боксшы Ронни Кларк ұлына Рождествоға сыйлық алып беру үшін Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпиондық белбеуін сатып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі World Boxing News басылымына сілтеме жасап.

"Ақпанда IBF нұсқасы бойынша екінші жартылай орта салмақта жеңіп алған белбеуімді сатамын. Қарсыласым жарақат алуына байланысты келесі жекпе-жек өтпейтін болды. Ұлыма Рождествоға сыйлық алуға ақшам жоқ, сондықтан сатып жатырмын", - дейді Кларк.

Сондай-ақ, боксшының қолтаңба беріп, белбеуді сатып алушының қолына өзі бере алатыны айтылады. Белбеудің бастапқы бағасы - 1 050 фунт (493 мың теңгеден аса).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети