21 қараша 2014 15:22

Бозымбаев журналистерден ұсақталмауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Бозымбаев. ©ortcom.kz Қанат Бозымбаев. ©ortcom.kz

Павлодар облысының әкімі қазақстандық журналистерден ұсақталмауды сұрайды, дәлірек айтқанда ол республикалық ақпарат құралдарында рұқсат етілмеген жерде дәрет сындыру сияқты деректерді жарияламауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодар облысының әкімі қазақстандық журналистерден ұсақталмауды сұрайды, дәлірек айтқанда ол республикалық ақпарат құралдарында рұқсат етілмеген жерде дәрет сындыру сияқты деректерді жарияламауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"(...) бізде Павлодарда ақпарат құралдары белсенді - ол жақсы. Бірақ, кешіріңіздер, әлдеқандай ер адам бір аудандық ішкі істер бөлімінде дәрет сындырды дегенді жазу дұрыс емес. Республика деңгейінде көрсетуге болатын жаңалықтар бар ғой. Павлодар облысында тәуелсіз ақпарат құралдары өте көп. Олардың өкінішіне қарай биыл біз ешқандай "күйіп кеткен" деректер жоқ. Жаза қалатын ештеңе жоқ қой, сол себепті біреу біреуге зекіді, әлдекім шылым тұқылын лақтырды, оны ұстап алды дегендерді жаза бастайды. Немесе біреудің аудан орталығында кіші дәретке отырғанын. Егер біз мұндайлар туралы орталық ақпарат құралдарында жаза беретін болсақ, біз ең алдымен өзіміздің мәдениетіміздің деңгейін көрсетеміз", - деді Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев ОКҚ брифингінен кейін журналистерге. 

Бозымбаевқа павлодарлық журналистер туралы сұрақ қойылған еді, олардың айтуынша, әкім өңірдегі елеусіз шараларды республика деңгейіне шығармауды өтінген-міс. 

"Міне, мен сол туралы айтқанмын, "жігіттер ұсақ-түйекті сыртқа тасымаңыздар". Өйткені ол біздің образымыз, павлодарлықтардың образы. Өздерін дұрыс ұстай білмейтін нақұрыстарды бүкіл республикаға көрсетудің қажеті жоқ", - деді ол.

"Түсінесіздер ме, баспасөз құралдарында адамның сөзін жұлып алып бұрмалау әдеті бар. Соны жазған (әкімнің журналистермен кездесуі туралы - Авт.) адамды мен мүлдем құрметтемеймін. Мен онымен ешқашан сөйлеспейтін боламын", - деді ол.

Кіші дәретке отыру дерегі туралы айтқанда Бозымбаевтың осы жылдың қыркүйегінде болған оқиғаны меңзегені кәдік. Павлодар облысының тұрғыны полицияның әкімшілік ғимараты маңында "шаруасын тындырғаны" үшін бес тәулікке қамалды. Оқиға Ертіс ауылында болды. Сотта 56 жастағы ер адам Ертіс аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының жанында ауладағы дәретханаға бармай, кіші дәрет сындырғанын мойындады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети