03 қазан 2016 10:22

Бішкекте көліктің VIP-нөмірі рекордтық бағаға сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kolesa.kz © Kolesa.kz

Қырғызстанда көліктің мемлекеттік нөмірі су жаңа Camry бағасына тең сатылды, - деп жазады Kolesa.kz.


Қырғызстанда көліктің мемлекеттік нөмірі су жаңа Camry бағасына тең сатылды, - деп жазады Kolesa.kz.

Бішкекте 777 ААА нөмірін сату бойынша онлайн режимінде бәссауда өтіп, бұл 1 716 000 сомға (25 200 доллар немесе 8,4 миллион теңге шамасында) сатылды. Басылымның жазуынша, бұл сомаға Қазақстанда жаңа Toyota Camry көлігін сатып алуға болады. 

Бастапқы құны 60 мың сом болған нөмірді сатылған бәссауда төрт сағатқа созылып, оның барысын 20 мың адам бақылап отырған. Ал саудаға тек тоғыз адам қатысқан екен. 

Мұның алдында БАҚ-та Қырғызстанда мемлекеттік нөмірлер сатылатын онлайн режиміндегі бәссауда биыл 21 қыркүйектен бастап өткізіле бастағаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети