Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Біз үшінші сорттағы елміз бе?

17 Маусым 2014, 16:26
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

Көзі қарақты қауым құқықтық негіздегі елде адамдар, ал халықаралық саяси аренада мемлекеттер сортқа бөлінбейді деп біздің талқы сауалына қарсы уәж айтар. Алайда, кешіріңіз, бұл өз-өзімізді алдау болады. Әйтпесе үйден аяқ аттап шыға салысымен біздер бөлініске түсе бастаймыз. Мәселен, банкті мысалға алалық. Ол тапқан табысына қарай тұтынушыларын бөліп қарастырып, әрқайсысына әрқалай қызмет көрсетеді, ал орнықты тіркеуі жоқ, «қара тізімдегілерді» мүлде адам құрлы көрмейді. Тіркей берсеңіз осы секілді қоғамда факт көп. Демек, әлсіздерді азулылар бүре салатын табиғи фактор бәріне ортақ заңды да, конституцияны да місе тұтпайды. Ондай көріністер халықаралық саяси аренада да жиі орын алады. «Үшінші мемлекеттер» деген терминге ие экономикалық-саяси ахуалы осал елдер, көбіне күшті деген қос тараптың әскери, экономикалық қақтығыс алаңына айналып шыға келетінін бүгінгі оқиғалар-ақ көрсетіп беріп отыр. «Алаш айнасы» осы мәселені салмақтап көрген еді.

Өркендедік, өндік, санамыз өсті деген мына ғаламдану заманындағы адамзаттың дамуына қатысты мемлекетаралық қарым-қатынастың құл иеленуші құрылым деңгейінен әрі аса алмай жүргендігі, ащы да болса шындық. Қазір қай мемлекетті алып қарастырсаңыз да ондағы азаматтардың аса бай, бай және кедей боп топқа бөлінетіндігінің куәсі боласыз. Әрине, мемлекеттердің басым бөлігінде кедей адам көп. Мемлекетаралық қарым-қатынаста да осы құбылыс қайталанады. Аса бай деген бірінші әлем – АҚШ. Сондықтан да бүгіндері оның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс боп тұр. Ол басқаларды халықаралық заңға бағынуға шақырады, бұзғанын санкциямен, тіпті әскери жолмен жазалайды. Ал оның өзіне ешкімнің құзіреті жүрмейді. Жәй бай деген екінші әлем – Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер. Оның өздері АҚШ-тың айтағымен жүреді. Бұл екеуінен кедейлеу, жер шарындағы қалған мемлекеттер үшінші сортқа жатқызылады. Үшінші сорт болғаны үшін де айыпты елдерде бірінші және екінші сорттағылар ойына келгенін істеуге құзырлы. Мысалы, Ирак. Халықаралық қауымдастық ядролық қаруы бар деген желеумен мыңдаған жылдардың тарихын өз қойнауында сақтаған ежелгі Бағдат шаһарының көзін бір сәтте жойып жіберді. Бірақ артынан мұнан ешқандай да ядролық қару табылмады. Осы оқиға әмір жүргізуші мемлекеттердің жазалай алатындығын, ал олардың қателігі үшін жауапкершілік жоқтығын аңғартты. Сол секілді тып-тыныш отырған мемлекеттерде қолдан төңкеріс ұйымдастырып жіберу де үстем күшке түк тұрмайды. Мұндай саяси ойындарына атау беріп те жатады: «қызғалдақтар төңкерісі», «барқыт төңкерісі» және т.б. Ондағы негізгі мақсат қосымша табыс қажеттілігі екені, қазір ешкімге жасырын емес.

Кешегі тарихтағы империялық пиғылын кез келген дамыған мемлекет ресми түрде даттайды. Дұрыс болмады деп өткен жүйені, байырғы саясаткерлерді жамандайды. Бірақ, шынтуайтында, олар империялық мүддеден ешқашан бас тартпайды, керісінше оны жоғалтып алмайын деген ниетте ізгіліктен жұрдай болу түсуде. Кешегі социалистік жүйедегі Мәскеу де өз одақтастарына басқыншылық көзқараста болды. Бірақ оны «бірігіп даму» деген идеологиямен мейілінше бүркемелеп отырды. Осы жағынан алғанда, ХХІ ғасырда да біз сорттық бөліністен құтыла алмаған секілдіміз. Бүгіндері Украинадағы оқиғадан халықаралық құқықтан бастап, жеке азаматтың құқығына дейін аяусыз тапталып жатқандығының куәсі боп отырмыз. Украинаның барлық кінәсі – үшінші сортта болуы. Сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан Киев билігі мемлекетті дефольтық жағдайға әкеліп соқты. Ал жан-жақтан аш қасқырдай анталаған жуан білектілер бұл мүмкіндікті бос жібергісі келмейтінін байқатты.

Таяуда Минскіде өткен халықаралық саяси бір конференцияда Ресейдің Мемлекеттік дума өкілі Владимир Плигин: «Әлемнің әмір етуші және оған құлдық етуші мемлекеттер боп өмір сүруінің болашағы жоқ. Қазір әлем тығырыққа кеп тірелді. Сондықтан көп ел үшін ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді сақтайтын, өзара түсіністікке негізделген көпполярлық әлемнің стратегиясының құрылуы аса өзектілік танытуда. Ендігі интеграция барлығының теңдей дамуына бағытталуы керек. Онсыз, яғни кемсітушілік нормасы бар басқа экономикалық бірлестіктер өспейді, керісінше құрдымға кете береді» деп үлкен мәселе көтерген. Бұл да жер шарындағы елдердің сортқа бөлінетіндігін айғақтайтын ғылыми факт.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай