Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Джек Потрошительді анықтауда қателік кеткен - ғалымдар

19 Қазан 2014, 14:17
0
Аарон Косминский
Аарон Косминский

Ғалымдарға сенсек, Джек Потрошительдің кім екенін анықтаған британдық сарапшы қателескен, – деп жазады Independent. Осыдан біраз уақыт бұрын шетелдік БАҚ-тар бір емес, бірнеше адамды өлтірген қаныпезердің шаштараз Аарон Косминский екендігі туралы мәлімдеген.

Тарихшылар "қылмыскердің қолтаңбасын қателеспей ажыратуға болар еді", - дейді сенімді түрде. Жасы келіп қалған жезөкшелердің тамағы кесілген мәйіттері Ист-энд көшелерінің әр жерінен табылғаны тарихтан мәлім. Ең сорақысы, қылмыскер мәйіттің бүкіл ішкі ағзаларын кесіп алып, мүрденің қасына қойғанда оларды тура қасапшы немесе хирург сияқты бөлшектеген.

"ДНК сараптамасы мен криминалистика саласының мамандары және ДНК-дактилоскопиясы авторы, генетик Алек Джеффристің айтуына қарағанда, Эдвардстың кітабында жазылған Лухелайнен зерттеулерінде әу баста-ақ қате кеткен", - деп жазады Independent басылымы.

Айта кетейік, Джек Потрашитель 1888 жылдың екінші жартысында Лондонға іргелес өңірлерде 15-ке жуық әйелді өлтірген. Полиция маньяктың кім екендігін анықтай алмай, іс жабылып қалған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай