Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Дубайда қазақстандық бай азамат 100 долларлап шашу шашты

30 Желтоқсан 2014, 10:33
0
РИКА телеарнасының журналистері арабтан сұхбат алып жатыр. ©rikatv.kz/evrika/Жанаргүл Досова
РИКА телеарнасының журналистері арабтан сұхбат алып жатыр. ©rikatv.kz/evrika/Жанаргүл Досова

Дубай тұрғындары ақтөбелік журналист, жүргізуші әрі әнші Нұржанат Қабдолұлына қызық оқиға туралы айтып берді, - деп жазады "Эврика" басылымы.

Қазақстанның бай азаматтарының бірі Бурдж Халифада (әлемдегі ең биік ғимарат) туған күнін атап өтіп, кеш соңында сауда және ойын-сауық орталығының дәлізіне 100 долларлап ақша шашқан. "Жергілікті тұрғындар, әрине қол соғып, оның түрін естерінде сақтады. Есімін айтпай-ақ қояйын, бірақ мен мұндай китчпен мақтануды жөн санамаймын", - дейді журналист. 

Сонымен қатар, Нұржанат Дубайдағылардың Қазақстан жайлы көп нәрсені білетіндеріне таңғалды, олар біздің ел туралы тек жағымды дүниелер айтқан.

Басылымның мәлімдеуінше, Нұржанат Қабдолұлы Дубайда түсірілген жаңа жылдық "Армандар орындалады!" фильмінің түсіріліміне барған РИКА телеарнасы журналистерінің құрамында болған.

Журналистер сапар барысында ерекше есте қалған жайттармен бөлісті. Лунара Бекбосынованы қоғамдық орындарда билеуге салынған тыйым қатты таңғалдырған. Ол жақта егер бұл тәртіп бұзылса, қолданылатын жаза да қатаң: дүре соғады немесе бірнеше күнге қамайды, тіпті елден депортациялауы мүмкін.

"Бізге сауда және ойын-сауын орталықтарының бірінде билеп, сол қойылымды түсіру керек болды, бірақ біз бидің бір-екі қимылын істегеніміз сол еді қайдан келгендерін білмеймін, бірінші біреуі, соңынан бірнеше полицей жетіп келді. Олардың сөзінен бір нәрсені түсіндік: би - жаман, ол шайтаннан келген! Бір сөзбен айтқанда, біз бұл ойымыздан айныдық", - дейді Лунара.

Әйгерім Жаманованы арабтардың құдайшылдығы мен адалдығы таңғалдырыпты. "Мен өзімнің қымбат фотоаппаратымды жағажайда ұмытып кеттім, есіме түскенде бірден, болды ендігі ол жоқ шығар деп ойладым. Бірақ қалдырған жерде сол күйі жатқан фотоаппаратымды көріп қатты таңғалдым", - дейді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай