Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Еңбек мигранттарына кепілді депозит ашуды міндеттеу керек пе?

20 Тамыз 2014, 11:54
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

Кешелі бері Ресей - еліне келетін мигранттарға деген талапты күшейтуге ниеттеніп отыр. Бұдан былай Ресей өкіметі мигранттардан істеген жұмысына қарай арнайы табыс салығын салық жинауға, еліне енетін «келімсектерін» санитарлық қадағалауға алуға, заңсыз тіркелместен келіп жұмыс істеуге мүлдем тыйым салуға барынша мән бермек.

Бұған қоса, көрші ел келер күзден бастап еңбек мигранттарына кепілдік депозит ашуды да міндеттейді. Бұл ретте Ресейдің экономист-сарапшысы Сергей Лановов «мигранттар елге еніп, заң бұзған жағдайда оларды өз елдеріне қайта шығарып депортациялау жұмыстарына мемлекеттен арнайы қаржы бөлінеді. Ал бірқатар елдерде мұндай іске мемлекет қаржысы жұмсалмайды. Ол елдерде сол мигранттардың кепілдік депозиттерінен қаржы алынып, олардың өз қаржысы өзіне жұмсалып, мәселе оңай жолмен шешіледі. Өздері жинап, депозитке салған қаржысынан айырылып қалмауы үшін мигранттар да заңды бұзбай тыныш жүреді. Сондықтан бұл керек тәсіл» деді. Осы тұста Алаш айнасы «мүмкін, мигранттар арқылы мемлекет қазынасына пайда әкелу үшін бізге де мұндай тәсіл керек болар» деген ой қозғауды жөн көрді.

Жалпы, халықаралық көші-қон ұйымының мәліметінше, Қазақстанда қазірде сырттан келетін мигранттарды тіркеп, арнайы құжаттайтын тиісті органдардың жетіспеушілігі анық сезілуде. Аталмыш ұйымның 2013 жылғы санағы бойынша Қазақстанда жарты миллионнан астам мигрант жан бағып жүр. Олардың үштен екісі Өзбекстаннан; 25 пайызы Қырғызстаннан; ал қалған мигранттар Тәжікстан және ТМД-ның тағы басқа елдерінен келген. Сөйтіп, былайынша айтсақ, біз мигрант атаулыға жұмыс беруде алдыңғы орында тұрған елміз. Тіптен ТМД елдерінен келетін мигрант атаулы өздері үшін Ресейден гөрі Қазақстанның жайлы екенін, олар үшін мәдениеті мен діні ұқсас Қазақ елінің аумағында жұмыс істеу өте қауіпсіз екенін де ашып айтуда.

Дегенмен мұндайда мигранттардың көп жағдайда Қазақстан заңына мойынұсына бермейтінін, тапқан еңбекақылары үшін ел қазынасына салық төлемейтінін, жазғұтырым келген олардың, күз қайта қомақты қаржыны қалтаға басып, өз еліне қайтатынын біз неліктен ескермеуіміз керек?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай