27 қыркүйек 2017 09:19

Филиппинде теңіз жағалауында жұмбақ алып жануар табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pen News/Nujnuj Capistrano © Pen News/Nujnuj Capistrano

Филиппиндегі Маасин қаласының аумағында белгісіз теңіз жануары табылды, - деп хабарлайды Metro.


Филиппиндегі Маасин қаласының аумағында белгісіз теңіз жануары табылды, - деп хабарлайды Metro.

Жануардың ұзындығы шамамен он метр екен. Жергілікті мамандар нақты қай жануар екенін ажырата алмаған. Балық аулаушылық пен су ресурстары бюросының өкілі Джулиус Альпиноның айтуынша, бұл кит, бірақ оған әзірше дәлел жоқ.

Ал осы жұмбақ жануарды суретке түсіріп алған ер адам мұндайды өмірде бірінші рет көріп отырғанын айтады.

"Алып жануар болды, ал иісі адам төзгісіз. Бірінші рет өмірімде осындайды көріп тұрмын", - дейді 42 жастағы ер адам.

Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, табылған жануар адамдарға қауіп төндіреді. Сондықтан да жануарды сол теңізде-ақ көміп тастау туралы шешім қабылданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети