02 тамыз 2014 12:57

Ғалым: Алматыда аяқ асты сел жүруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

№6 көл. Суретті Дмитрий Хегай түсірген №6 көл. Суретті Дмитрий Хегай түсірген

"География институтының басшысы Ахметқал Медеу таудағы № 6 көл тасуы салдарынан Алматыда аяқ асты сел болуы мүмкін екеннін жоққа шығармайды. Еліміздегі сел қаупін зерттеуші ғалым таяуда Талғарда болған селді еске салды. "Жетінші арна" телеарнасына берген сұхбатында ғалым "ол кезде морена көлдерінің суы бірнеше жыл жер асты каналдарымен аққан. Нәтижесінде топырақтың осал тұсын бұзып, жер бетіне шықты. Ал №6 көлдің астындағы топырақтың қандай күйде екені белгісіз деді" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Топырақты сумен бірге зерттеу керек. Бірақ зерттелмейді. Ол топырақты кім зерттейді? Қаржы болмағандақтан бұл істе біз амалға асыра алмадық" дейді маман.

Оның сөзіне қарағанда, осыдан бірнеше жыл бұрын өзі басқарып отырған институт көлді толық жете тексеру жұмыстарын бастаған. Сонымен қатар Кіші Алматы өзені шатқалындағы топыраққа да зерттеу жүргізген. Дамыған батыс елдерінің тәжірибесімен сел қаупі бар жерлердің картасы жасалған. Алайда кейінен жұмыс тоқтап қалған. Ахметкал Медеу № 6 көл астында жерасты каналдары пайда болғаны туралы жанама дәлелдері бар екенін, өйткені су үнемі бір жаққа кетіп жататынын айтады.

Алайды №6 көлді күндіз-түні бақылап отырған "Қазселденқорғау" мекемесінің сарапшылары География институты басшысының пікірімен келіспейді. "Міне үш жыл қатарынан көктемде шұңқыр бос болып отырады. Сондықтан қазіргі уақытта ешқандай қауіп көріп отырған жоқпыз" деп мәлімдеді ведомство қызметкері Әділқаир Ишанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети